Ассаламуғалейкүм Нұрлан аға! Жұмысыңызға сәттілік, жанұяңызға бақыт тілеймін! Сізбен кездескенде, сөз соңында: «Иә, алда әлі талай қыруар жұмыстар бар» - дегеніңіз есімде. Әрине, өмір күрес! Бірде жеңіс, бірде жеңіліс! Демалып, жауға шабудан қайтпаған қазақтың тұқымдары емеспіз бе?
«Айта айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, қақсап-қақсап, ақыры Құлсарыдағы жезөкшелер үйі биылғы 2017, қаңтардың 9-ы күні түбегейлі жабылды. Мен бұл мәселелерді амалсыз желілерге салып, болмаған жағдайда қыруар қарсы адамдардың қолымен ҚР Жоғарғы соты мен ҚР Бас прокурорына жолдамақ болғанмын, намысты жігіттермен де, БАҚ арқылы да шешемін деп түйдім. Желіні шулатқан бұл мақала «жаман үйді» осы уақытқа дейін қорғап келген ағалы-інілі жандардың (Жылой ауданы ІІ Бөлімінің құқық қорғау қызметкері мен Индер ауданының прокуроры) қолына түскен. Түскен мақаланы балалады шешелеріне көрсеткен. Әр таңда ұлдарының тілеуін тілеп отыратын намазхан шешесі бұл істен мүлдем бейхабар екен. Сол бойда ашуға мініп, ғимаратын жалдап отырған жезөкшелерді әй-шәйға қарамай түгелімен тырқыратып қуып шыққан. Әбден көшіріп болып Анар есімді шешелері маған үйіме келіп істің мән-жәйін толығымен түсіндіріп берді. Нүктесі қойылды, яғни бұл іс осымен тамам!
Ең бастысы, ұрпақты жамандыққа бастайтын бір күнә ошақ жабылды. Бұл да жеңіс! Ендігі, сізге айтпақ екінші мәселем былай болып тұр. Маған Құлсары жастары атынан қоржынға көптеген хаттар келіп түседі. Әрине, мен шамам келгенінше бәріне ақылға салып, салихалы, бейбіт түрде жауаптарын беріп отырамын. Маған тиімдісі – өгіздің өлмегені, арбаның сынбағаны, арбакештің жапа шекпегені. Соның ішінде мына мәселені құр жауаппен қалдыруға болмайтындай көрініп отыр маған. Құлсары қаласы, 3 ші мөлтекаудан тұрғыны 25 жасар Гүлмира Сағатқызының: «Мына түрімізбен бізде қандай болашақ бар?» - деген шырылдаған жан айғайы мені бей-жай қалдырмады. Оның жіберген нәрселерін көріп мен жағамды ұстадым. Біз жауды даладан келеді деп үрейленіп жүргенде, жау өз ортамыздан, өз ұлт-ұрпағымыздан, өз жастарымыздан шығып, біздің салт-сана небір құндылықтарымызды шайтан тіспен кеміріп жатқандықтары еріксіз жаныңа батады екен. Қазақтың: «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» деген ұшқыр мақалы осының дәлелі болып отыр. Бір жамандықтан құтылып «уф!» деп, арқаны кеңге сала бергенде, мына жақтан екінші зұлмат бой көтере қойды. Құлсарыдан «Курица Кульсары, Бомба Кульсары, Кульсары детка» деген жаман лас, анайы топтар ашылды. Бұлардың енді атқарып жатқан шайтани іс-әрекеттері өте сұмдық! Жезөкшелік, ашыналық керек пе, зинақорлықтың шектен шыққан ауыр «тяжелый» түрлері керек пе, қызтекелер керек пе, бүкіл ауыр, жексұрын жыныстық қатынастың бәрі осы топта. Және де кейіпкерлері өңкей өз қазағымыздың бесіктен әлі белі шыға қоймаған, оң мен солын ажырата қоймаған, аузынан ана сүті кеппеген, әлі албырт, аумалы кезеңнің қыл үстінде тұрған уылжыған жап-жас сүйкімді қыздары. Яғни, болашақ келіндеріміз, болашақ жарлар, болашақ аналар, ертеңгі күнгі әжелер! Ал жоғарыдағы аты аталған азғырынды топтар ұрпағымыздың тапа-талтүсте ессіз адасуына зор үлестерін қосып отыр. Олар тіптен қатысы жоқ жап-жас қазақ қыздарының да суреттерін тел нөмірлерімен қосып топқа жариялап жіберіп жатыр.
Қараңыз, жабық, қорған үйде отырып алып, интернет желісін жамандыққа шебер пайдаланып, бір адамның өзі қанша көзсіз ұрпақтың шамадан тыс азуына, хайуани сезіммен жолдан тайқуына септігін тигізіп отыр? Қара да тұр, мына түрмен ертеңгі күні «Зоофили Кульсары, Педофили Кулсары, Маньяки, Людоеды Кулсары, Семейный инцест Кулсары» деген топтар анық ашылады. Дер кезінде күре тамырға балта шаппаса, алдыңғы топтар бұның алғашқы баспалдағы болып қалады. Сонда бәрі кеш, бармақ шайнау пайдасыз болмақ. Ауыр да болса айтайын, ендігісі, жеті атадан аспай қыз алмаған текті қазақтың бірімен-бірі (ағасы мен қарындасы, шешесі мен баласы сияқты) шағылысулары қалды? Құлсарының кейбір аялдамаларында үлкен етіп, бақырайтып қойып қызыл сырмен жазып қойған «Кульсары детка» деген жазуларға дейін пайда болды. Бұл енді жаман топтың ашық жарнамалары мен айқын сілтемелері. Қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдардан күнәһар жастардың ішкі «еврокүнә» жарғылары мен жымысқы сасық иістері мүңкіп шыға бастады. Күле кіріп күңірене шығатын батыстың былығынан құтылу ендігі жерде зор азапқа түседі. Мен қауіп еткеннен айтамын. Заңда бұларға қадағалау жоқ па? Қазақ: «Іштен шыққан жау жаман!» деген. Расында да біздің болашақ бұлыңғыр! Мұндай жастардан құралған ұлт жауларын түп-тамырымен түбегейлі жою керек! Ешкімнің арашасын қажет етпестен көздерін түгел құрту керек! Мұндай топты ашқандарға, ашуға себеп болғандарға да заңның ең қатаң, ең күрделі түрін қолдану керек! Мейілінше ауыр жазалау керек! Мерзімнің ең көбін тағайындап, барса келмес, ынтықтың түбіне бір-ақ жіберу керек! Осы мәселеде Атырау аймағы бойынша барлық ІІ Департаменті, ІІ Бөліміне, ҰҚК-не, Прокуротура, қандай да бір қатысы бар құзырлы орындардың бәріне, барлық мешіт имамдарына аймақтың патшасы ретінде шұғыл түрде қатаң тапсырма беруіңізді сұраймын!
Төменде Гүлмираның хатын ықшамдап жіберіп отырмын. Ішінде жаман топтарың кілті көрсетілген. Сонымен ашып қараса, былыққа көз жетеді.
«https://vk.com/kulsari18 осындай лас топ ашылыпты. Иесін жауапқа қалай тартуға болады? Ол топтың админ создательiнiн ссылкасы https://vk.com/id400182890
Қазақ қыздарын қорлауда. Және жала жауып жезөкшелер қатарына қосып суреттері мен нөмірлерін салуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура табады. Қандай телефон нөмірмен ашса да. Міне осы найiс топта https://vk.com/kulsari18 қыздар мен олардың нөмірлері жазылып тұр. Курицы Кульсары деген топ. Порнография мен жала жабу. Бұл топ бара-бара барлық қыздардың суреті мен нөмірлерін салып ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ деген атқа күйе жағып елді аздыру саясатын жүргізе береді. БОМБА КУЛЬСАРЫ, ҚҰЛСАРЫ ДЕТКА деген топтар тағы бар. Сілтемесі міне: https://vk.com/bombakulsary Мазақ пен келеке және жала жабу тобы бұл. Қазақ қазақты Мазақ қылғанына мәз.»
Жылой ауданы, Құлсары қаласы
Тұрар Шапқара