21 қаңтарда Владимир Лениннің өлгеніне 93 жыл толмақ, деп хабарайды Tengrinews.kz
Қазақстанда Ленинге арналған қанша ескерткіш әлі күнге дейін сақталған?
ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің айтуынша, Қазақстанда 159 Ленин ескерткіші сақталған екен. Оның басым көпшілігі Ақмола облысында орналасқан – 49, ал Павлодар облысында 44 болса, Солтүстік Қазақстан облысында Ленин ескерткішінің саны – 24.
«Тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінің қатарында Владимир Ленинге ескерткіш қойылған төрт мекен көрсетіледі: Ақтөбе облысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Қостанай және Павлодар облысы», - деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
