Ресей ғалымдары ақпаратты құпия түрде жеткізетін жаңа әдіс ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20170709195501375_small.jpg

«Жоғарыдан өтетін метаматериал» атты ғылыми зертхана ұжымы бірегей метаматериалдардың көмегімен ақпаратты құпия түрде жіберудің жолдарын қарастырып жатыр деп жазады lenta.ru.

Метаматериал – құрылымының біртізбекті еместігінің арқасында бағыт пен электромагнитті толқындарды өзгертіп, түсті басқара алатын табиғатта жоқ нысандар. Метаматериалдар арқылы белгілі бір мөлшерде электромагнитті сәулелендіруде көрінбейтін нысандар жасауға болады.

Метаматериалдарды әртүрлі өндірісте жаңа құрастырылуға, жоғары күшті компьютерлерге тәжірбие жүзінде қолданады.

«Жоғарыдан өтетін метаматериал» атты ғылыми зертхананың метаматериалы өте сезімтал сенсордың негізі болуы мүмкін. Ол ең білінбейді деген заттарды сезіне алады. Мәселен жарылғыш құралдарды бір апта бұрын кім ұстағанын көре алады. Сонымен қатар, ол арқылы азық-түлікте антибиотиктер бар, жоғын анықтауға болады.  

Нысандардың бір-бірімен электромагнитті алаң арқылы емес, электромагнитті потенциал арқылы әрекеттесуін зерттеуге болады. Бұл кванттік физикадағы Ааронов-Боманың әсері.

Осы мүмкіндіктер арқылы ақпаратты құпия түрде жеткізуге болады. Табиғаттағы көптеген нысандары біз көрмейміз. Себебі олар электромагнитті алаңдармен әрекеттеспейді. 

Связанные Статьи