Қазақ жігіттеріне қарата өлең оқыған мына қыздың жалынды сөздері көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жайында "Қамшы" порталы хабарлайды. Қоғамда өршіп тұрған бірқатар мәселелерге қатысты өз ойын қазақ жігіттеріне қарата айтып, ұлтты сақтауға шақырады. Ата-бабамыздан қалған қара жерімізді жаудан сақтау қажеттігін өте әсерлі жеткізген. Сонымен қатар қазіргі кездегі қазақ қыздарының тағдырына алаңдаған бойжеткен қыздарды шет елге бермей, қазақ азаматтарының ішінен теңін тауып қосылғандарын қалайды. Мұндай мәселенің белең етек жаюы ұлтымызға, қазақ жастарына және ер-жігіттерге сын екенін ескерген жөн.
Видео Facebook әлеуметтік желісінен алынды