Павлодарлық үш азамат жалған сот шешімдерін қолдан жасаумен айналысқан деп хабарлайды 24.kz.
Қылмыстық жолды кәсіп еткен ерлі-зайыптылар бұл іске зейнет жасындағы анасын да тартқан. Олар жалған құжаттарды мемлекеттік мекемелерге заңсыз тіркеу арқылы өзге адамдардың пәтерін сатуға қол жеткізген. Алайда кезекті бір қылмыс кезінде алданған адам құжаттардың заңсыз екенін біліп қойған. Ол қорғаушылар мен заңгерлердің көмегі арқылы мүлкін кері қайтарып алды. Қазір алаяқтардың ісі сотта қаралып жатыр.
Гүлсім Ахтаева, қалалық №2 соттың бас маманы:
- Сотқа тартылған 3 адам. Бір-бірімен туыс. Олар сот шешімі бар жалған құжаттар дайындап, бөгде біреулердің пәтерлерін өз аттарына аударып сатумен айналысқан. Жалған құжатты кім жасағаны, қалай жасағаны белгісіз. Сот шешімі әлі шыққан жоқ.