Ыстамбұлдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған лаңкес: «Шабуыл орны кездейсоқ таңдалды»

/uploads/thumbnail/20170709195514249_small.jpg

Ыстамбұлдағы түнгі клубқа жаңа жыл түнінде шабуыл жасап, 39 адамды өлтірген Өзбекстанның тумасы тергеу барысында шабуылдайтын жер кездейсоқ таңдалғанын айтып берді деп хабарлайды bbc.com.

Полиция тергеуі барысында Абдулкадир Машариповтың сириялық Ракка қаласынан нұқсқаулықтар алып отырғаны белгілі болды. Ракка – ДАИШ-тің басты діңгегі болып табылады.

«Мен Таксим алаңына келдім. Ол жерде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталғандықтан онда шабуыл жасай алмадым. Басқа жер іздеу туралы тапсырма алдым. Reina түнгі клубы маған өте ыңғайлы көрінді. Ол жерде күшейтілген күзет болмады» дейді Машарипов.

Абдулкадир Машариповтың ұсталғаны туралы 17 қаңтарда бегілі болды. Дәл сол күні түрік БАҚ-та киімінде қанның ізі бар, қысқа жейде киген, беті көгерген ер адамның фотосы шықты.

Ыстамбұл губернаторы Васип Шахин Өзбекстан азаматының Түркияға 2016 жылдың қаңтар айында заңсыз келгенін хабарлады.

Губернатордың айтуынша, Машарипов жоғары білімді, Ауғанстан мен Пәкістанда күшті дайындықтан өткен және Сириядағы ДАИШ террористік тобымен байланыста болған.

Қаруланған ер адам Reina түнгі клубына таксимен келіп, жаңа жылды тойлап жатқан адамдарға оқ жаудырған. Көз жұмған 39 адамның көбі шетелдіктер. Ондаған адам жараланды.

 

Связанные Статьи