Қытай сыншылары: «Ондай дауыс менде де болса деп армандаудың қажеті жоқ, ол оған Құдайдың берген сыйы»

/uploads/thumbnail/20170709195823756_small.jpg

Димаш Құдайбергенов Қытай еліндегі «I am a Singer» (Мен әншімін) атты ән байқауына қатысуға кеткенін бұған дейін хабарлағанбыз. Қазақстандық әнші қысқа уақыттың ішінде қытайлық тыңдармандарды талантымен тәнті етті. Димаш Қытайдың телеарналарына қонақ ретінде барып, Бибігүл Төлегенованың әнін әуелете шырқап та үлгерді. Әншінің даусына тамсанған Қытай басылымдары ол туралы жарыса жазуда. Бұл туралы Димаштың анасы Света Айтбаева өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Қытай сыншыларының қазақстандық әнші туралы жазғаны мынадай: «Димаш бұл реткі әнді орындау барысында колоратуралық, еркін вокалды, кең тынысты өз әуендерімен қатар dolphins дыбыстарын жақсы меңгергендігін анық байқатқан. Тіпті, жоба мамандары мен қатысушыларынан «Тәңір өзі назарына алған жас әнші, ондай дауыс менде де болса деп армандаудың қажеті жоқ, ол оған Құдайдың берген сыйы» деген марапаттау сөздеріне ие болып үлгеріпті».

Отандасымызға сәттілік тілеп, елге жеңіспен оралуына тілектеспіз. 

Связанные Статьи