ТҮРКИЯ ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТТІК РЕЖИМГЕ ӨТУДІ ҚАЖЕТТІ ДАУЫСПЕН ҚОЛДАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709195834906_small.jpg

Түркия парламенті президенттік басқару түріне ауысу туралы конституциядағы өзгерістер жиынтығын мақұлдады.

Анадолы агенттігінің жазуынша, Әділет және Даму партиясының 18 баптан тұратын Түркия ата заңында өзгерістер жасау ұсынысын қабылдауға 339 депутат келісім берген. Соңғы шешім қабылдау үшін заң референдумға жіберіледі. 

Дауысқа салу барысында, 142 қарсы дауыс, 5 бос дауыс, 2 дауыс болса жарамсыз шықты.

Атазаңда өзгерістерге сай, депутаттар саны қазіргі 550-ден, 600-ге өседі. Ал, депутаттықа үміктерлер бұрынғыдай 25 жастан емес, 18 жасқа толса болғаны.

Сайлау бес жылда бір өткізіледі. Атазаңдағы Түркия Жоғарғы ұлт мәжілісін сайлау кезеңі бабы Түркия Жоғарғы ұлт мәжілісін және Президентін сайлау кезеңі болып өзгереді.

Айта кетсек, бұған дейін Түркия Жоғарғы ұлт мәжілісі депутаттары 4 жылда бір сайланатын. 

Президентке қойылар талап 40 жасқа толған, жоғары білім алған, депутат сайлауына түсе алатын шарттарға ие түрік азаматы болып, тікелей халық тарапынан сайланады. Президент екі мәрте қатарынан сайлана алады.

Президенттің партиясымен ара қатынасы үзілмейді. Қазіргі конституция бойынша тағайындалған президент елдегі саяси партиялар арасында тарапсыз болуға тиіс. 

«Атқарылған жұмыстар үшін депуттарға алғыс білдіремін, енді халықтың ойын білгіміз келеді», деп мәлімдеді Түркия премьері Бинали Йылдырым алғыс сөзінде. Жақын күндері Түркия президенті Тайып Ердоған заңға қол қояды деп күтілуде, одан кейін заң мәтіні ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң референдум өтеді.

Түркия Республикасы құрылған 1923 жылдан бері елде парламенттік басқару жүйесі болды. Ал оның орнына президенттік басқару жүйесін енгізуді қарастыратын негізгі заңға өзгерістерді парламентке Түркияның Әділет және даму партиясы енгізді. Референдумда қабылданған жағдайда 2019 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер президенттің құзырын кеңейте түседі. Атап айтқанда ол жарлық шығарып, министрлерді тағайындау құқығына ие болады және бұл жағдайда премьер-министрдің лауазымы тоқтатылады. 

Жаңа жүйеге сайлау 2019 жылдың 3 қарашасында өтеді. Сайлау мезгіліне дейін қазіргі жүйе жалғасты жұмыс істей береді.

Еске салсақ, аталған уақытта Түркия парламентінің қазіргі шақырылымының құзыреті аяқталады. 

ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУ НЕГІЗІ. АТАТҮРІК ИДЕЯСЫ

Түркия(Türkiye) – «бұл топыраққа Түрік ие» мағынасынан келіп шыққан атау. Түрік мемлекетінің жариялануы мен аяғынан тік тұруы Ататүрік есімімен тікелей байланысты. Мұстафа Кемал – (19.05.1881) Османлы дәуірінде түріктер иелігінде болған Селаник(Орысшасы Салоник. 1912 жылы Гректер иелігіне өтті. Грецияның екінші үлкен қаласы) қаласында өмірге келді. Оның қайраткерлік жолы Османлы Императорлығының басшылық режиміне(Абдул-Хамид ІІ билігі тұсы) қарсы сөз айтуынан басталады.  Ыстамбұлда биліктің көзіне іліккен ол, 1905 жылы Ыстамбұл Әскери академиясын бітіре сала Шамға(Ол кездегі Османлы топырағы. Сирия) әскери қызмет атқаруға жіберіліп, орталықтан ұзақтатылды. 1907 жылы қайтып келген соң, «жас түріктер» тарапынан құрылған, Түрікшілдік идеясын ұстанатын Бірлік және Ілгерілеу(İttihat ve Terakki) қозғалысының құрушы лидерлері Енуар Паша, Жемал паша, Талаат пашалармен танысады. Бұл қозғалыс Османлы билігінде парламенттік басқару жүйесін орнатып, демократиялық даму жолын қуаттайды. Осы кезеңде Түрікшілдік идеясы Мұстафа Кемалдың қанына сіңді.

Герман империалистерінің Патшалық Ресейге соғыс ашуымен басталған Бірінші дүние жүзілік соғыста, немістер ықпалында болған Түрік топырағының соғыс өртінен аман қалуы мүмкін емес еді. Бұл тұста Подполковник шеніндегі Мұстафа Кемал әскери министріліктен өзі сұранып, Ұлы Британия және оның отарындағы Австралия сынды бірнеше мемлекеттің Түрік топырағына басып кірмекші болған Галлиполь(Gelibolu) соғысында қолбасшылық етушілердің біреуі болады. Шанаққала(Çanakkale) қорғанысы үшін соғыста өзіндік ұрыс тактикасымен стратег ретінде ерекше көзге түскен жас қолбасшы Мұстафа Кемал 1915 жылы Полковник атағын алып үлгерді. Түрік топырағын қорғаудағы түрлі шайқастарда еңбегі сіңген Мұстафа Кемалға 1916 жылы 1 сәуірде Генерал атағы берілді. Ол осы жылы Түркияның оңтүстік шығыс аймағын орыс отарлығынан қорғап қалды.

I дүние жүзілік соғыста Үштік одақтың жеңілуіне сай, 1918 жылы 30 қазанда Османлы капитуляцияны қабыл етіп, Антантамен бітімге келуге мәжбүр қалды. Осыдан соң Мұстафа Кемал Түркия Республикасын құру керек екенін түсінді. Ыстамбұлдағы қуыршақ үкіметтен қашып шығып, Самсунда ұлтазаттық көтерілістердің басын бір арнаға шоғырландырған ол, отарлаушыларға қарсы соғыс жүргізіп, ел топырағын өзгенің өктемдігінен арылтып, бірте-бірте елдің билігін қолына ала бастады. Мұстафа Кемал ел билігіндегі Османлыдан қалған діншілдердің кері тартпа дүмше санасынан ештеңе шықпайтынын білді. Өзінің қажырлы да, қайратты соғысында Түрікшілдік идеясын ту етті. Оның бастауымен құрылған Түркия Үлкен Ұлт Мәжілісі(Türkiye Büyük Millet Meclisi, қысқаша TBMM – 1920 жылы, 23 сәуірде құрылды) 1922 жылы, 1 қарашада Ыстамбұлдағы қуыршақ үкімет билігі «Османлы Салтанатының» күшін жойды. 1923 жылы 24 тамызда осы мекеме Түрік топырағына қол салып отырған Ұлы Британия, Франция, Грекия сынды елдермен Лозанна бітім шартын жасасты. Сөйтіп, Осман Империясының құлағаны заңдастырылып,  Түрік Республикасының құрылуына бір жола негіз қаланды. 1923 жыл. 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланып, Мұстафа Кемал ел Президенті болып сайланды. 1934 жылы Мұстафа Кемалға Ататүрік тегі берілді. 

Связанные Статьи