Республикалық Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың 45-ші президенті атанды деп жазады lenta.ru. Бұл жолы инаугурация ұлтты біріктіре алмады. Вашингтонда қарсылық акциялары өтті.
Президент инаугурациясы кезінде демократтардың көбі Вашингтоннан кетіп қалған. Сонымен қатар, үйлері мен пәтерлерін де республикалық келіп орналаспауы үшін ешкімге жалға бермеген. Инаугурацияға келуден 70 конгресмен, сенатор және көптеген демократтар бас тартты.
Инаугурация кезінде қаланың әр бұрышында жалауларды, Трамптың суреті басылған немесе оның «Make America Great Again» ұраны жазылған футболкалары сатылып тұрды.
Десек те, қалада жаңа президент пен вице-президентке қарсы топтар да болды. «Трамп-Пенса режиміне жол жоқ! Фашизмді тоқтатамыз!» ұрандарымен мемлекеттік құрылым жұмысын тотатуға талпынғандар да кездесті. «Фашизмге» қарсы шыққан адамдардың саны 30-ға жуық болды. Ірі және кішігірім наразылық акциялары Вашингтонның әр өңірінде өтіп жатты. Бірі жаңа президенттің экологияны қорғауға шақырса, енді бірі қызтекелердің құқығын қорғауды талап етті.
Трамп айналасындағы шуды өршіте түсуіне өзі де себепкер болды. Ол инаугурацияға бір апта қалғанда twitter-де Хиллари Клинтонда сынап жазды.
«Бюрода Хиллариға қарсы көптеген ақпарат болды. Шын мәнісінде ол президенттік сайлауға түспеуі керек еді» деп жазды Трамп.
Көп ұзамай Клинтонның баспасөз хатшысы Трампқа жауап жазды. Ол Трамптың өзіне сенімсіздігінен осындай сөздерді жазып отырғанын жеткізді.
Инаугурацияға дейін АҚШ-та көптеген оқиғалар орын алды. Мәселен, CNN телеарнасы «Трамп пен оның жақтастарын инаугурация кезінде өлтіріп тастаса не болады?» деген тақырыпта сюжет жасап, шығарды.
Ресми шара Трамп пен оның отбасының шіркеуге баруымен басталды. Табалдырықта оларды Далласе Роберт Джеффрес атты шіркеу қызметшісі қарсы алды. БАҚ оның бұған дейін бірнеше араңдатушылық мәлімдемелерімен көзге түскенін жазды. Оның ішінде шіркеу қызметкерлерінің Ислам туралы айтқаны да бар. Ол Исламды шайтан жасап шығарған дін деп атаған.
Шіркеуден шыққаннан кейін мемлекет басшысымен оның жақындары Барак және Мишель Обамалар мен бірге шайға шақырылды. Одан кейін Капитолияға барып жүздеген отандастарының алдында ант беріп, халықтың алдында сөз сөйледі.
«Бұған дейін дәулетті емес отбасылар қиыншылық көріп келді. Уәде беремін, бұл жағдай түбірімен өзгереді» деді Дональд Трамп.
Сонымен қатар, жаңа президент АҚШ билігі басқа елдерге өз қалауын таңатын саясатын өзгертетінін және өзге елдер АҚШ-тан үлгі алатындай саясат жүргізетінін айтты.
Капитолиядағы трансляция аяқталғаннан кейін телеарналарда Трамптың айтқандарын сынаған сарапшылардың сөзін берді. MSNBC жүргізушісі Крис Мэтьюс жаңа президенттің сөзін Адольф Гитлердікімен салыстырды. «Ең алдымен Америка» ұраны 1940 жылы ұлтшылдармен әріптестік орнатқан америкалықтардың ұраны екені айтылды.
Вашингтон көшелерінде тәртіпсіздіктер орын алды. Инаугурациядан кейін полицейлер 90 адамды ұстады. Олар инаугурация болатын жерге адамдарды өткізбеуі үшін көшелердің бірін жауып тастаған.
Жергілікті журналистердің мәліметінше, астана көшелерінде 500-ден 1000-ға дейін тәртіп бұзушылар болған. Оларға қарсы полицейлер арнайы газ қолданған. Алайда тәртіп бұзушылар сонда да тараспады.
Трамп президенттік қызметінің бастауы оңай болмайтынын сезетін болар. Жақын күндері ел тарихындағы ірі әйелдер маршы өтпек. БАҚ таратқан хабарға сай көптеген әйелдер жолаушы ұшағымен Вашингтонға келе жатыр. Жүздеген әйел келеді деп күтілуде. Трамптың Американы біріктіріп, оны жаңа ұлы елге айналдыру туралы уәдесінде тұра алады ма? Соны бақылау ғана қалды.
Автор: Алексей Наумов (Вашингтон)