Димаш Құдайберген Қытай елінде феноменге айналды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709200057350_small.jpg

Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Димаш Құдайбергенов ұйымдастырушылар тарапы ұсынған «SOS d'un terrien en détresse» француз әнін шырқады. Сайыс ережесі бойынша бірінші күні 8 әншінің біреуі кетіп, 7-еуі қалады. Бір әнші жеңіс кубогын жеңіп алады. Жеңіс кубогына жеті әншіні артта қалдырып, Димаш Құдайбергенов лайық деп танылды. Димаш Құдайбергеновтың менеджері Алпамыс Шәрімовтың мәлімдеуінше, бүгіннен бастап бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін қазақ тілі курсына жазылған. Ал, Қытайлық микроблог Sina Weibo  әлеуметтік желісінде жазылушыларының саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жеткен.

Байқаудың екінші кезеңі келесі сенбі күні өтеді.

10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Тіпті кейбір басылым оны «Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп бағалаған.  

Ал, Қытайдың жаңалық порталдары мен энциклопедиялық сайттарында Димаш Құдайбергеннің өмірбаяны толыққанды жарияланған. 

Қытайлар тіпті Димаштың киім үлгісіндегі киімдерді сатылымға шығарып үлгерген.

Айта кетер болсақ, аталған музыкалық байқау Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Әншінің менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы байқауға қатысатындықтан, тіпті имиджін де өзгерткен. Менеджердің сөзінше бұл «Қытай дауысы» жобасынан да үлкен жоба.  Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Связанные Статьи