Қоғам қайраткері Петр Своик aktobetimes.kz тілшісіне зейнетақы жүйесі жөнінде сұхбат берді. Қоғам көкейінде зейнетақы қаржысы жөнінде сауалдар көп болғандықтан, сұхбатты аударып басуды жөн көрдік.
“Зейнетақы жарнасына қайырымдылық секілді қарайды» дейді қоғам қайраткері.
«Зейнеткерлік жүйесі шатасып кеткені соншалық, ешкім түсіне алмайтын шығар» деп әзілдеді Петр Своик.
«Ең қызығы бірнеше жыл бұрын шумен «Бірыңғай зетйнетақы қорын» құрып еді, енді қайта жеке қолға бермек. Яғни бірдеңені қорлағысы келсе, зейнетақыны нысанға алады.
Сондықтан меннен кеңес, зейнетақы қорларына қайырымдылық ретінде қараңдар. Кімде-кім ресми түрде жұмыс істесе одан сұрамастан жалақысының 10% алып отырады. Бұл биліктің кедейлігі мен олигархтарға берілетін салым деп есептеңіздер. Нәтижесінде зейнет жасы жақындап қалғандарға қанша төлейді дейсіздер? Олардан кәсіби өмірінде тартып алынғанынан аз төлейтінін анық. Бұрынғы жалақасының 10% емес, 9%, 8% алады. Ал жастарға зейнетақы туралы мүлде ойламаса да болады. Олар зейнет жасына келгенде мүлде басқа жүйе жұмыс істейді. Бұған философиялық тұрғыдан қарау керек. Себебі сіздер кедей адамдарға садақа бересіздер, мейрамханаларда шайпұл қалдырасыздар.
Сіздің ойыңызша, зейнетақы жүйесі не үшін қажет болды?
Шын мәнісінде, зейнетақы жүйесінің зейнетақыға ешқандай қатысы жоқ. 1998 жылы оны құрғанда ортақ жүйенің орнын басады деп ойластырылған. Алайда ортақ жүйе қалай болды, солай қалды. Ештеңе өзгермеді. Кез-келген зейнетке шыққан қазақстандық өте аз зейнетақы алады. Билік халықтың наразылығынан қауіптеніп, қандай да болмасын ақша төлеуге тырысады.
Зейнетақы қаржысы өздігінен жоқ болып кетуі мүмкін емес пе?
Заңда зейнетке шыққан адамға инфляцияның орны толтырылады деп көрсетілген. Нағыз инфляция бағаның өсуінен төмен екені белгілі. Бірақ мардымсыз ақша болса да төлейді.
Яғни жастар қазірден бастап қартайған шағында дәріге зейнетақысы жетпейтіндігі туралы ойлануы керек пе?
Мен 10 жыл бойы зейнетақыға өмір сүріп келемін. Ол көлігіме екі рет жанармай құюға ғана жетеді, болды. Қоғамдық жұмыстар, тариф пен энергетика жөнінде кеңес беру арқылы күн көріп жүрмін. Жастарға айтар ақылым – дүниеге бала алып келіп, оқытыңдар. Бұл зейнетақы қорына қаржы құюдан сенімдірек.