Швецияда үш ер адам Уппсала тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталды. Барлығы Facebook арқылы тікелей эфирден көрсетілген.
Таң ертең Уппсала қаласының полициясына әйел хабарласты. Ол Facebook-тегі жабық топтан қызды топпен зорлағанын көргенін айтқан. Оның сөзінше ер адам күліп, әйелге «Сен зорландың» деп айтқан.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі жазбаны тапқанын және оны көбі көргенін айтқан.
Белгілі болғандай, жабық топта он мыңдаған адам бар. Жергілікті полиция Уппсаладағы пәтерлердің бірінде 19 бен 25 жас аралығындағы үш ер адам мен бір әйел болғанын айтты. Шведтік БАҚ хабарлағандай әйел естүссіз жатқан.
Ер адамдар бірден тұтқындалды. Швед полициясы олардың қай елдің азаматтары екенін айтпай отыр.
Полицияны Йозефин Лундрген есімді әйел шақырғаны белгілі болды. Ол шведтік Expressen баспасына берген сұхбатында ер адамдардың бірі әйелдің киімін жыртып, үстіне жатқанын көргенін айтқан.
Оның сөзінше ер адамдардың бірінде тапанша болды.
Facebook Live бір уақытта қанша адам трансляцияны қарап отырғанын көрсетеді. Йозефин Лундрген зорлау әрекеттерін 60 адам көргенін жеткізді. Басқа мәлімет бойынша, оны бақылағандардың саны 200-ден төмен болмады.
Пікір қалдырғандардың арасында «Үшеуі біреуіне қарсы, хахаха» дегендері де бар.
Тағы бір куәгер швед баспасөзіне екінші бейне материалда дәл сол әйелдің оның ешкім зорламағанын айтқанын көргенін жеткізді.
SVT мемлекеттік швед телеарнасы пәтерге келгенде, ер адамдар екінші видеоны түсіруді бастаған.
Тікелей эфирдегі қылмыс
Facebook 2015 жылдан бастап тікелей эфирге шығуға мүмкіндік берді. Бұл функцияны көбіне жаңалықтар қызметі пайдаланады. Facebook Live-ті достар мен таныстар бір-бірімен байланыс ұстауға және дәл сол уақытта қызықты деп тапқан дүниелерімен кең аудиториямен бөліскісі келгенде қолданады.
Осы функцияның арқасында ғаламторда қылмыс пен зорлық әрекеттері шыға бастады.
Қаңтар айының басында Чикагодағы 4 адамға жеккөрініш негізінде қылмыс жасады деген айып тағылды. Олар Facebook-та психологиялық ауруға шалдыққан адамға қорлық көрсеткен.
2016 жылдың маусым айында Чикаголық Антонио Перкинсті Facebook-те тікелей эфирде атып тастаған.
Facebook Live-те 2016 жылдың шілде айында Миннесота штаты Сент-Пол қаласында полицейлер адамдарды атып тастағанын көрсеткен. Осыдан кейін компания тікелей эфирді басқа контенттер секілді қарастыратынын хабарлады.
Facebook өкілдерінің сөзінше зорлық әрекеттері жарияланғаны үшін контентті өшірмейтінін және зорлық насихатталып, құрбандарды қорлағанда ғана тоқтататынын жеткізді.
Facebook күмәнді контенттерді арнайы, тәулік бойы жұмыс істейтін топқа хабарлап айту керек екенін мәлімдеді. Ол компанияның редакциялық ережесіне cай келмеген жағдайда тікелей трансляцияны үзетінін хабарлады.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары Чикагодағы трансляция жарты сағатқа созылғанын айтады. Facebook әкімшілігі эфирді тоқтатқанға дейін оны мыңдаған адам көрген.