Бразилияның Сан-Паулу штатындағы «Бауру» түрмесінде бүлік шығып, 200 адам қашып кетке деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға таңғы сағат 08:00-ден кете басталған. Тұтқындағылар тәртіпсіздік кезінде қасақана қойылған өртті пайдаланған. Полицияның хабарлауынша, сақшылар 79 адамды бірден ұстаған. Қалған қылмыскерлер іздерін суытып үлгерген.
Айта кетейік, соңғы уақытта Бразилия түрмелерінде бірнеше бүлік болды. Абақтылардағы тәртіпсіздік көбіне жауласушы топтардың қақтығысынан шығып отырған. Мысалы, 1 қаңтарда Манаус қаласындағы колонияда осындай бүліктен 50 адам қаза тапқан болатын.