«Газпром» күзетшісінің үйінен 200000 рубль тұратын «унитаз» ұрлап әкеткен

/uploads/thumbnail/20170709200846881_small.jpg

Аталмыш холдингтің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ұрлықты жақында ғана үйінде жөндеу жұмыстарын жасаған мигранттардан көріп отыр. Деп хабарлайды life.ru.

«Газпромның» күзетшісі Максим Б. полицияға желтоқсанның соңында қоңырау шалған. Құқық қорғау қызметкерлеріне Жаңа Мәскеудің Сосенское елдімекенінде орналасқан үйін жақында ғана жөндегенін, жөндеу жұмыстарын мигранттардың жасағанын айтып беріпті.

«Газпромның» қызметкері үйге келгенде жұмысшылардың жоқ екенін байқаған.

— Жұмысшылар өзімен бірген үйдегі «унитазды» және сантехникалық құралдардың бірнешеуін алып кеткен. Шағымданушы ұрлық жасалынған үйде тұрақты тұрмаған. Оны жақында ғана сатып алған. Ондағы мақсаты жұмысына тез жету. Себебі Сосенское елдімекенінде Максим Б. істейтін «Газпромның» бөлімшесі орналасқан.  Келтірілген шығынның сомасы 200 000 рубль, — Лайфтың дереккөзі.

Бүгінгі күні жөндеу жұмыстарын жасаған мигранттар іздестірілуде. Оқырмандарды алаңдатқан бір сұрақ – қаарпайым күзетші «алтын унитаз» орнататындай қанша айлық алатындығы. Айта кетерлігі, аталмыш оқиғаға қызығушылық танытқандар саны көбеюде. Жақында Ресейдің мемлекеттік Думасында «алтын унитазы» бар күзетшінің мәселесі көтерілген болатын. 

Связанные Статьи