Жаңа құрылған министрліктерге министрлер тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170709200913343_small.jpg

Бүгін Президент жарлығымен Үкіметтің қайта жасақталғаны туралы хабарлаған едік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен   Тамара  Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды. Айта кетер болсақ, Тамара Босымбекқызы аталған министрлік төңірегінде 15 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. 

2002-2006 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі; 2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 - 2013  жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылғы 10 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 27 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ал 2014 жылғы 6 тамыздан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.  

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық  білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін,  Duke University, Fugua  School of Business (АҚШ),  Global Executive МВА магистратурасын бітірді. Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі,   «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасы  болып жұмыс істеді.

2014 жылғы мамырдан бастап  - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы. 2015 жылғы 12 қарашадан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.

 

Связанные Статьи