НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709200923016_small.jpg

Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік басқару жүйесі туралы  өз үндеуін жариялады. Мемлекет басшысы елді басқару жүйесін жаңғыртатын уақыт жеткенін хабарлады. Ол реформаның екі негізгі бағыт бойынша іске асатынын айтты. 

1. Президенттің әлеуметтік, экономикалық процесстерді реттеудегі біршама өкілеттерін үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беруді жөн деп тапқанын жеткізді. Бұл салаға үкімет, министрліктер және әкімдіктер жауап береді. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асатын болады. Бұл өзгерістерді үкімет парламенттің сессиясының аяғына дейін енгізеді. 

1. Одан да күрделі міндет билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформа аясында үкіметті жасақтауда  Парламенттің ролін күшейтпек. Парламент сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауға түбегейлі  ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің  өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтетін болады. 

 

 

Связанные Статьи