Заңгер Мақсат Ілиясұлы Атазаңда болатын өзгеріске өз ұсынысын жазды

/uploads/thumbnail/20170709201137148_small.jpg

Қазақстан президенті кеше, 25 қаңтар күні ҚР билік тармақтарын қайта бөлу турасында мемлекеттік телеарналардан халыққа үндеуін хабарлады. Соған сай, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жоба жарияланды. Жоба бір ай бойы талқыланбақ.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуге тиісті өзгеріске Заңгер Мақсат Ілиясұлы да өз ұсынысын жариялады:

КОНСТИТУЦИЯҒА МЫНАНДАЙ ӨЗГЕРІС ҰСЫНАМЫН

Билік ұсынған заң жобасы:

26-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.».

Менің ұсынысым: 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері шетелдіктерге жеке меншікке берілмейді, қазақстандық азаматтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шет елдік жеке немесе заңды тұлғаға сатуына жол берілмейді.

***

Айта кетер болсақ, бір жыл бұрын жер реформасы туралы заңнан ши шығып, халық шетелге жерді жалға беру мен сатуға қарсы шыққан болатын. Халық толқуынан соң Президент жер реформасы туралы заңға бір жылдық мараторий жариялады. Парламент мараторий күшін 5 жылға ұзартқан болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи