Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайты қаңтардың басында Еуразияның ең сұлу аруы атағына байқау жариялады. Ең сұлу ару дауыс беру арқылы анықталады.
Еуразияның ең сұлу аруы атағына үміткерлер қатарында еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік те бар. Қазіргі таңда ол 43-ші орында тұр.
Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын алды. Жансая қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.
Оставить комментарий