Перзентханада таңғажайып оқиға болды

/uploads/thumbnail/20170709201337855_small.JPG

Маңғыстау облысында егіздерді күткен Тұяқбаевтар отбасында үшем дүниеге келді деп жазады lada.kz. Маңғыстау облысында да, Алматы қаласында да ультрадыбыстық тексеру кезінде үшінші бала көрінбеген. Ақмарал Жалажанова ай-күні толып босанғанда үш баланы дүниеге әкелген. Бұл балалардың отбасы үшін ғана емес, акушерлер үшін де күтпеген жағымды тосын сый болды.

«Ақмарал Жалажанова 28 желтоқсанда Шетпеден жүктіліктің 31-ші аптасында келіп түсті. 12 қаңтарда Ақмаралдың жағдайы нашарлап, қан қысымы 180-ге дейін көтерілді. 13-ші күні оны реанимацияға ауыстырдық. 13 қаңтарда дәрігерлер кеңесі Ақмаралға ота жасаймыз деп шешті. Себебі жүктілік 34-ші аптаға кетті. Жоғары дәрежедегі преэклампсия және іштегі нәресте дұрыс жатпай қалды. Осындай диагнозбен ота жасалды. Ота кезінде екінші нәрестені алып шыққан соң, үшіншісінің бары анықталды, осылайша оны да шығарып алдық»  деді оған операция жасаған дәрігер, перинитарлық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жапырақ Епенова.

Ақмарал Жалажанованың өзі 33 жасында көп балалы ана атанатынын білмеді. Олар қыз туралы армандады. Тұяқбаевтар отбасында бұған дейін 4 ұл бала болған. Енді Жансерік Тұяқбаев пен Ақмарал Жалажанова 7 баланың ата-анасы.

Бірінші көптен күткен қыз дүниеге келді. Ата-анасы оған Медина есімін берді. Екінші Нұрислам атты жігіт дүние есігін ашты және барлығы үшін жағымды тосын сый жасаған үшінші қыз келді. Оның есімін ата-анасы Әдемі  деп қойды.

«Мен егізді дүниеге алып келемін деп ойладым. Операция кезінде есімді біліп жаттым. Менде екі бала емес, үшем дүниеге келгенде бақыттан басым айналды. Сонда мен «Жарайсың» дедім. «Дәрігерлер кім жарады?» деп сұрағанда, «мен» деп жауап беріп едім, дәрігерлер маған қол шапалақтады» дейді Ақмарал Жалажанова.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи