Тағы бір Ресей елшісі қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170709201414442_small.jpg

Нью-Делиде 68 жасында Ресейдің Үндістандағы елшісі Александр Кадакин қайтыс болды деп хабарлайды ria.ru.

 «Александр Кадакин Ресейлік дипломатиялық миссияның басшысы қызметінде  2009 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Александр Кадакиннің барлық кәсіби өмірі 1971 жылдан бері Ресей мен Үндістан қарым-қатынасының дамуына арналды» дейді елшілікте.  

 Александр Кадакиннің дипломатиялық жұмысы мен өмірі Үндістанмен тығыз байланысты еді. Оның Үндістандағы жұмысы өте ауыр жағдайда өтті. Себебі Кеңес Одағы құлағаннан кейін Мәскеу мен Нью-Делидің қарым-қатынасы дағдарыс жағдайында болды. Кадакин басқа индолог мамандармен екі ел арасында стратегиялық қарым-қатынас орнатуға күш салды. Қазір Ресей мен Үндістан дәл сондай қарым-қатынаста.

1972 жылы Александр Кадакин жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, дипломатиялық қызметіне бірден кірісіп кетті. 1992 жылдан 1997 жылға дейін Ресейдің Непалдағы елшісі болды. Екі жылдан кейін алғаш рет Үндістанға іс сапармен барады. 2005 жылдан 2009 жылға дейін Ресейдің Швециядағы елшісі болды. 2009 жылдың қазан айында Үндістанның диломатиялық миссиясын басқарды.

Дипломат Ресей академиясының академигі болды. Ағылшын, француз, румын, хинди, және урду тілдерін меңгерген.

 

Связанные Статьи