Ата заңға өзгеріс не үшін керек болып қалды екен?..

/uploads/thumbnail/20170709201418541_small.JPG

-Аяқ астынан Ата заңға өзгеріс енгізу, парламенттің ролін күшейткен болу, билік тармақтарын қайта жасақтау – бұл ненің белгісі болды екен?-деп белгілі қазақ зиялысынан сұрағанымда, ол кісі:

- Бұл Қазақ Еліне ешқандай да демократияның келуі емес, ең бастысы - ширек ғасыр қолды болған ұлттық байлығымызды белгілі тұлғаларға мәңгілікке жекешелендіріп беру. Қалғаны, айтпаса да түсінікті емес пе?-деді. Мен ол кісіні тақымдап қоймай:

-Ертең заман өзгергенде, елде үлкен саяси өзгерістер болғанда, оның бәрі қас-қағым сәтте күшін жоятын заңдар емеспе? Бұл адамдар соны да білмегені ме?-деп едім, ана кісі:

-Олар білсе де білгісі келмейді. Биліктің ұшар басынан бастап, төменгі сатысына дейін отырғандардың екі көздері соқыр, екі құлақтары таскерең, сондықтан да ол «құдайлар», ертеңін емес, тек бүгінін ғана ойлайтындар. Ертең оларға не болса да бәрібір. Ең бастысы, өздерінің көзі тірісінде сол мол байлықтан қарпып асап қалу. Қалғанына бастарын да қатырмайды,- деп сөзін аяқтады...

Ал, сіздер не ойлайсыздар?

Жұмаш Көкбөрі

Связанные Статьи