ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІНДЕ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ЖАРИЯЛАЙТЫНЫН ХАБАРЛАДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709202236464_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми мәлімдеме жасады.  Онда елбасы халыққа жыл сайынғы жолдауының ертең,  31 қаңтарда  БАҚ жарияланатынын жеткізді. Биылғы жолдауында ел дамуында тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынады. Басты тақырып "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" деп аталады. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне негізделген.  

"Біз сандық технологияға негізделген болашағы зор бағыттарға мән беретін боламыз. Ал білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау секілді маңызды сұрақтар қашан да назарда болады. Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды.  Ширек ғасырда  елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, "Қазақстан-2030" стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астананы құрдық. Енді кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының ресми мәлімдемесі мемлекеттік телеараналарда көрсетілді.

 

Связанные Статьи