Айсәуле Бақытбек анасы Баянның «жаңа махаббатына» қатысты көзқарасын жеткізді

/uploads/thumbnail/20170709204316279_small.jpg

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек анасының екінші рет тұрмысқа шығуына қатысты көзқарасын 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында жайып салды.

Айсәуле өзіне қатысты айтқан сындарды қабылдай алмайтынын жеткізді.

"Адамдар мені "ата-анаңның өмірінде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарайсың" деп айыптайды. Мен түсінбеймін, сонда не істеуім керек? Ел алдына шығып жылауым керек пе, әлде изолятордың алдына барып, сол жерде суретке түсейін бе? Елге өміріңде болып жатқан нәрселердің бәрін көрсетуді жөн санамаймын. Біраз уақыт керек. Бәрі орнына келеді. Адамдар ерте ме, кеш пе барлығын түсінеді деп ойлаймын", - деді Айсәуле.

Айсәуленің айтуынша, анасының екінші рет тұрмыс құруына қарсы емес, тек анасының бақытты болғанын қалайды.

"Бұл керемет емес пе? Мен қуаныштымын. Анамның да, әкемнің де бақытты болғанын қалаймын. Олар бірге бақытты ма, әлде бөлек пе – ол маңызды емес", - деді ағынан жарылған Айсәуле.

Естеріңізге салсақ, жуырда Баян Мақсатқызы алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің үйлену туралы ұсынысын қабылдаған болатын. Айтуларынша, олар үйлену тойын көктемге жоспарлап отыр.  

Связанные Статьи