Қытайда « Reality Show Talent» деген шоу бар екен. Оған Алматы қаласының тұрғыны, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті Ғалымжан Әуесбай есімді қазақ акробаты қатысып жүр. Бірнеше кезеңнен сүрінбей өткен ол бүгінгі күні финалда өнер көрсетуге үмітті.