Инстаграм әлеуметтік желісінде бір топ қытай жігіттері қазақ тілінде «Қазақ қыздарына қарамаймыз. Уәде береміз!» деп айтқан видеосы таралды. Видеоға түсіріп тұрған қазақ тілді жігіт соңында олардан ағылшынша қай елдің азаматтары екенін сұрап, тыныш жүруре бұйрық береді. Бір топ Қытай елінің азаматтары жамырасып уәдесін берді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын бай қытай жігіттері қазақ қыздарының арасынан қалыңдық іздейді деген ақпарат тарап, халықтың наразылығын тудырған. Қытай жігіттеріне қазақстандық қыз іздеген неке агенттігіне тіпті қоқан-лоқы көрсеткендері де болды.
Оставить комментарий