АЛАШ – РУХ (1917–2017ж) (Алаш қайраткерлеріне арналған ас)

/uploads/thumbnail/20170709222058784_small.png

АЛАШ – РУХ

(1917 – 2017ж)

(Алаш қайраткерлеріне арналған ас)

 

Болашаққа жетсе екен ізгі үнім,

Мұғжиза күн жүздесіппіз біз бүгін.

Еске аламыз мәртебесін ту етіп,

Ұлы Алаш ұранының жүз жылын!

 

Алаш кие - санамызға орнаған,

Ол туралы тоқсан мәрте толғанам.

Бір ғасырлық тарихында Алаштың,

Арнайы бір ас берулер болмаған.

 

Тас теседі мөлдір моншақ тамшы да,

Осында да бір қасиет бар сірә.

Ұлықтаған көсемдерін Алаштың,

Рахмет, ұлт порталы «Қамшыға».

 

Алаш рухы үзілмейтін ұлы арна,

Ұлы арнаның иелері тұр алда.

Алаш рухын асқақтатқан ас беріп,

Рахмет, саңлақ інім- Біләлға!

Ісімізді ілгері етсін бір Алла!!

 

Қыл мойынға қылыш төнсе қылшылдап,

Ақиқатқа тіке қарап тұрсын нақ.

Кемел ойлы ұл мен қыздар өссе екен –

Ұлтшыл Алаш рухыменен сусындап.

 

Алаш, Алаш- менің ұлттық ұраным,

Алаш, Алаш таусылмайтын жыр- әнім.

Шаһит баба аруағына арнаған,

Қабыл болсын, хадис, дұға, құраным!

 

Қайрат Құлмұхаммед

ақын, ҚР мәдениет қайраткері

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи