Түрмеде гомосексуалды әрекеттерге мәжбүрлейтін «гарем» бар

/uploads/thumbnail/20170709222141688_small.jpg

Солтүстік Қазақстандағы ЕС 164/4 түзету мекемесіндегі жантүршігерлік жағдай турасында  Ұлттық алдын-алу тетігінің қатысушылары құрған баяндаманың қазақша нұсқасын qamshy.kz назарларыңызға ұсынады. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы ерекше режимдегі түрмедегі жазасын өтеушілер адамның өмір сүруіне лайықталмаған жағдайда ұстап отыр деп жазады ratel.kz.

 «Жаман»  «жақсы» бола алмады

Ұлттық алдын-алу тетігінің қатысушылары құрған баяндаманы оқығанда денең тітіркеніп кетеді.  Жақында олар ЕС 164/4 түзету мекемесіне барды. Ол халықтың арасында «Жаман» деген атпен белгілі.  Мұндай есімді түзету мекемесі 90-шы жылдары алған.

Бірнеше жыл бұрын жазасын өтеушілер колонияда қарапайым ішетін су жетіспейтінін, электр тоқтарында үнемі күш түсіп, өшіп қалатынын және тамақ пен медициналық көмек көрсету нашар екенін айтып қарсылық акциясын өткізген.

2015 жылы түрмені жауып тастағысы келген. Алайда барлық мәселені шешеміз деп сендіріп, ол ойынан айнып қалды. Дегенмен «Жаманда» ештеңе өзгермеді.  

«ЕС 164/4 түрмесінің салынғанына 56 жыл толды. Құжаттарды көрмей-ақ оның өмір сүруге келмейтінін, әбден ескіргенін білуге болады. Санитарлық жағдайы төмен, суық, үнемі ылғал болып тұрады. Медициналық көмек әлі де ақсап тұр. Білікті дәрігерлер жалақының аздығын, үйдің жоқтығы мен аса қауіпті қылмыскерлердің аймағына көшіп барғысы келмейтіндерін  айтады" делінген баяндамада.

Ұсыныстар тізімінде жарты жылдам астам уақыт бойы ішастар қуысында қасық жүрген 37 жастағы жазасын өтеушіні шұғыл түрде медициналық тексеру керек екендігі жазылған.

Шектен шыққан азаптау

Жоғарыда атап өткендердің барлығы түрмедегі тәрбие жұмыстарымен салыстырғанда түкке де тұрмайды. Жазасын өтеушілерден еріктілер ұйымы «Жаманда» адамдарды қорқытып, үркітіп, қорлап, бәлкім ақша да бопсалауы да мүмкін.  

«Олардың келісімімен түрмеде адамның жеке басын қорлайтын «гарем» атты субмәдениет гүлденіп тұр. Бұл ЕС 164/4 мекемесіндегі адам құқығын таптайтын ащы фактордың ең сорақысы» деп жазылған баяндамада.

Жоғарыда айтылғандарды анықтау қиынға соқты. Себебі жазасын өтеушілердің көбі тіс жармаған. Оның салдарын ойлаған болуы керек.

«Біз прокуратурадан 1988 жылы туылған азаматтың жағдайын тексеруді сұрадық. Оның төбесі мен желке тұсында, жақ сүйек пен 1 см. көлеміндегі шекедегі жарақаттары бар. Журналда оның жарақаттары жазылмаған. Ер адам өте аз сөледі және әледенеден қорқып қалғандай болды».

Соңғы үміт

Жазасын өтеушілердің арасында өзін және өзгені қорғай алатындар бар. Әңгіме Владимир Алавердове, Дмитрий Кленский, Александр Насанове және Виктор Горбунов (фотода) жайлы.

Олар бұрын сотталған өзіне қол жұмсаған Жасұлан Арғымбаевтың (фотода) ісіне қатысты жағдайлардың анық-қанығына жетуге бекінген.

Айта кетейік, 14 сәуірде ер адам бір адамдық камерада асылып қалған. Бұл бірнеше ұрлық қылмысы бойынша айыпталып отырған одан бөлек үш ер адамның сот процесі басталғанға дейін жасалынды.

Жасұланнның туыстары қысым мен азапқа шыдамай суицид жасағанына сенімді. Олардың ойынша әлде біреулер Жасұланның сотта сөйлеп, ұрлықты ұйымдастырушыларды айтып бермеуін қадағалау біреуге қажет болғанын айтады. Кейбір деректерде оның бұрын құқыққорғау органдарында жұмыс істегені айтылады.

Өзіне қол жұмсаған азаматтың жатқан камерасында бейнекамера орнатылған. Алайда ол барлық жерді қамтымайды. Дәліздеге камера болған жәйтті көрсетіп бере алушы еді. Алайда ол өшірілген болып шықты.

Салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол іс бойынша изолятордың бұрынғы басшысы рақымшылыққа ілінді.  

Арғымбаевпен жалғыз адамға арналған камерада болған төрт жазасын өтеуші онда нағыз сұмдық жағдайлар болатынын айтады.

«Жазасын өтеушілер Кленский, Горбунов, Алавердов, Насоновтар психологиялық қысым мен гомосексуалдық әрекеттерді жасауға мәжбүрлейтін «гареммен» қорқытады. Жазасын өтеушілердің сөзінше оның барлығы камераға түсірілген. Сотталғандармен сөйлесу барысында мұндай әрекеттерге баруына Арғымбаевтың суицид жасады деп куәлік беруге мәжбүрлеу үшін жасалынып отыр. Олар бұл істе куәгер ретінде өтіп жатыр» делінген баяндамада.

Ұлттық алдын-алу тетігі қатысушылары облыстық прокуратураны жоғарыда атап айтылғандарға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс тастады.

Баяндама Бас прокуратураға және т.б құзырлы органдарға жіберілді.

Аударған: Әсем Әлмұханбет

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи