Сапа нәтижеден жоғары тұрғанда ғана өнер дамиды

/uploads/thumbnail/20170709222131735_small.jpg

Қазіргі таңда аспан асты еліндегі Димаш Құдайбергеннің «Мен әншімін» байқауына қатысуы халықаралық сипат алды десек артық болмас.

Шетелдегі байқауды басым көпшілігіміз ғаламтор арқылы тамашалап отырмыз. Әншілер байқауын көріп, пікір білдіруге ниет білдірген халқымыз бен шетелдегі пікірлерге назар аударсақ,  2 топқа топтастырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден: мақсат қазақ халқы мәдениетін дүниежүзіне таныту болса – үлкен  сахналарға шығу керек. Үлкен сахнаға шығу үшін сапа керек. Нәтиже емес, сапа. Нәтиже қайткен де болады. Сапа

нәтижеден жоғары тұрғанда ғана өнер дамиды. Осы сапа көрінгенше ізденіске жол ашу керек, шыңдалуға  мүмкіндік беретін орта керек.  Сол кезде сапа көрсеткіші биік өнерге, биік өнер биік сезімдердің көрінуіне, адам бойында ең ізгі қасиеттердің оянуына арналған еңбекке айналады.

Пікірлерде қазақ, қырғыз, орыс, қытай, американдықтар барлығы бір адамдай игі  тілектерін айтып, тәнті болуы – адамзаттың баласының өнер арқылы, бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге ішкі ұмтылысы көрініс береді.

Өнер мен спорт егіз деген сөз рас. Тарихтан білеміз Олимпиада ойындарында соғыс тоқтатылып, бейбітшілік орнайтын. Себебі бүкіл адам баласы жеке дара өмір сүре алмайды. Халықтар да солай. Оқшауланып өмір сүру мүмкін емес. Ел, халықтар арасында бейбітшілікке ұмтылыс, ең ізгі ойларымыз өнерде, спортта, ортақ мерекелерде көрініс табатыны адам болмысының шындығы.

Күнзипа Рахимқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи