Қостанайлықтар Кулагинді кері қайтаруын сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170709222152913_small.jpg

Сергей Кулагинді Қостанай облысына әкім қылып қайтару керек. Иелігінде жер болса болар. Жеке шаруашылығы бар сияқты. Оған бола кінәлау орынсыз. Қостанайда егіндік жерлердің көбісі орыстардың қолында. Нанбасаңыздар келіп көріңіздер. Бірақ олар қарапайым шаруалар. Егінін егіп салықтарын төлеп отыр. Тіпті пәлен миллион гектар жерді Ресей жалға алып отыр ғой. Жерді қорғадық дейміз. Не қорғағанымызды білмейміз. Жарайды жерді қорғап қалдық дейік. Сол қорғаған жерімізге егін егуміз керек қой. Жер емуіміз керек. Қазақтар жер игерсе ешкім қой демейді. Фб-дағы жер қорғаған қайсымыз егін егіп отырмыз? Барып егейікте. Оңтүстік облыстарда көкөніс, мақта егетін қазақтар көп әрине. Өзбектер көп аудандар да өзбектер көкөніс егіп табыс табады деп естідім. Үйіміздің ауласына да екпейміз көбіміз. Базарға барсам орыс кемпірлері тұздалған қияр сатып тұрады. Қазақтар шылым мен шемішке, нәски сатып тұрады. Көкөніс сататындар өздері екпеген, үнемі сұраймын өздеріңіз ектіңіздер ме деп. Айтайын дегенім ол емес әкім жайлы. Сергей Кулагин іскер әкім еді. Кулагиннің кезінде Қостанай облысында қаншама іс тындырылды. Үнемі ел аралап елдің жағдайымен танысып жүретін. Қаншама ауылға су тартып берді. Тіпті шалғайдағы біздің ауылға дейін келіп кеткен. Жай келіп кетпей мектепті жөндеуге қаржы бөлдіріп, су тартқызды. Аудандық аурухананы жөндетті, медициналық құрал жабдықтар алуға қаржы бөлдіргенін баспасөзден оқыдым. Арқалықтың ауруханасын жөндетті. Арқалықтың "Құс фабрикасын" аштырған осы Кулагин. Ешқандай өндірісі жоқ Жанкелдин ауданында Мал ұрықтандыру пунктін салдырған. Рудныйда қазақ балабақшаларын ашқызды. Қаншама үйлер салдырды. Студенттердің жатаханаларын жөндетті. Арқалық- Торғай тас жолын жөндетті. Кулагиннің кезінде облыстағы барлық ауруханалар жөндеуден өткізілді десем өтірік емес. Кәсіпорындар ашқызды. Аудан әкімдерінен жұмыс орындарын ашуды үнемі талап ететін. Жемқорлық аздау болды. "Тобыл" футбол клубынан да нәтиже талап етіп чемпион қылды. Былайша айтқанда Кулагин қазақтың Бердібек Сапарбаевы еді. Кабинетінде отырған кезі сирек еді. Мешіттерге дейін кіріп шыққан. Кулагинді мақтап отырған жоқпын істеген істерін айтып отырмын, мұны Қостанайлықтар жақсы біледі. Облыстық газеттен үнемі оқып отыратынмын. Пиар үшін емес, шынымен жұмыс істейтін еді. Ал қазіргі әкім Архимед Мұхамбетовтің ісі көрінбейді. Жөнделген ештеңе жоқ. Ашылған кәсіпорын жоқ. Кабинетінен шықпай ма бірдеңе. Аудандарды араламайды. Тағайындаған аудан әкімдері де ештеңе істеп жатқан жоқ. Архимедтің орыстың кішкентай қызына мысық сыйлағанынан басқа ісін оқымадым. "Тарихқа тағзым" жасайын деп жүрген тарихшы ма бірдеңе, әйтеуір астардан ғана төбе көрсетеді. Архимед жақсы адам шығар, бірақ жақсы әкім емес. Орны сенатта сияқты. Бізге іскер әкім керек. Қолынан іс келетін әкім жіберсін. 

Мәлімет Дәулет Серікбайдың facebook парақшасынан алынды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи