Алматы қаласында биыл «Наурыз мерекесі» ерекше тойланады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709224935636_small.jpg

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 наурызында Астана алаңы мен Атлеттер ауылында «Наурыз мерекесі» тойланады.

Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан « Самалық», «Түлік жыры» атты салт-дәстүрлі, ритуалды ән-жырлары орындалады.

Мерекелік қойылым өтетін алаң біртұтас сахналық кеңістік принципімен безендіріледі. Барлық мерекелік іс-шаралар, ән-би, театрландырылған қойылым КБТУ ғимаратының алдына жиналған бүкіл жұртшылық бірдей көретін сахнада өтеді.

Ал Атлеттер ауылындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қоныстанған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.

Мереке өтетін алаңға «шамдал», «қос», «көне сауда арбалары», «таңбалы тастар», «тарих тегершігі» атты инсталляциялар және ұлттық нышандағы әр түрлі мүсіндер қойылады.

«Ұлыстың ұлы күні» мерекесінде Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Шүкіман, Айгүл Қосанова сынды қазақтың танымал әншілері, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Қоңыр», «МузАрт», «Алашұлы» топтары, Айқын, Әли Оқапов,Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева сияқты танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи