Хиджабты жұмыс орнында киюге тыйым салу сотпен заңдастырылды

/uploads/thumbnail/20170709225923051_small.jpg

Еуропалық жұмыс берушілер енді заңды түрде өз қызметкерлеріне хиджап киюге тыйым салатын болады. Бұл мәселе Люксембургтағы Еуропалық сотта қаралды деп хабарлайды «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасап. Оны Еуропалық жоғарғы сот инстанциясы қабылдады, сондықтан бұл қаулы қайта қаралуға, шағым жасауға жарамсыз.

«Адамның  белгілі-бір діни, саяси, философиялық көзқарастарын білдіретін, көрсететін атрибуттарды тағу, қолдануға шектеу қоюы тікелей  дискриминация емес»- делінді сотта.

«Алайда егер компанияда осындай атрибуттарға тыйым салынбаған жағдайда, келуші клиенттерді хиджаб киген қызметкерлердің қызмет көрсетуі мазалап, ыңғайсыз жағдайға түсірсе, ол дискриминация болып есептеледі»-деп атап өтілді. Яғни, жұмыс берушіге емес, клиенттердің қалауына да отырған бұл шешім ыңғайлы жасалып отыр.

Бұл мәселеге байланысты сот процесінің жүзеге асуына себепші болған Самира Ашбита есімді Белгия азаматшасы болды.  Жұмыс істеп жүрген компаниясы  мұсылман орамалымен келген Самираны жұмыстан шығарып жіберген. Самира Ашбита мұндай қарым-қатынасты өз құқығының шектелуі деп түсініп, сотқа арызданған. Алайда, сот оның талабын қанағаттандырмады. 

Еуропа елдерінің бірқатарында мұсылман киімдерін, хиджаб киюге тыйым салынған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи