Қазақстан бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

/uploads/thumbnail/20170709225915879_small.jpg

Қозғалысқа уақытша шектеулер қою іс-қимылдары Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында енгізіліп жатыр деп хабарлайды "Қамшы" Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясы сілтемесіме жасап. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру IV  және V жол-климаттық аймаққа бөлінген.

IV жол – климаттық аймақта орналасқан Ақмола облысы,  Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы,  Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы , Қостанай облысы , Павлодар облысы , Солтүстік Қазақстан облыстары үшін 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында қозғалысқа уақытша шектеулер қою іс-қимылдары енгізіледі.

                V жол-климаттық аймаққа Алматы облысы,  Атырау облысы,  Жамбыл облысы,  Қарағанды облысы , Қызылорда облысы , Маңғыстау облысы , Оңтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Уақытша қозғалысты шектеу 1 наурыздан  1 сәуір аралығында енгізіледі.

Ақмола облысының аумағында 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік  құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

Айта кететіні жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы әрекеттері мерзімге сәйкес енгізіледі.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи