70 жасар Башқұртстан зейнеткері 7 ай бойы құлағына кірген жәндікпен өмір сүрген. Зейнеткер құлағына кірген қосқұйрықты дәрігерлер 2016 жылдың қыркүйегінен бері шығара алмай жүр. Бұл туралы «Қамшы» порталы life.ru-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Башқұртстанның Приютово аулында бақшада жұмыс істеп жүрген Владимир Петровичтің құлағына қосқұйрық кіріп кетеді. Зейнеткер сол сәтте-ақ жедел жәрдем шақырған. Келген хирург бір-екі сағат бойы зейнеткер құлағынан жәндікті шығара алмаған.
Қосқұйрықты әртүрлі тәсілдермен: су құйылған ине шприцімен де, қысқыш құралдарымен де шығаруға тырысқан. Алайда, барлық жасалған тәсілдер нәтиже бермеген.
Владимир Петровичтің айтуына қарағанда, ол өз құлағының ішіне кірген жәндіктің жыбырлағанын, барлық қимыл-қозғалысын сезген. Тек қана келесі күні ғана зейнеткер құлағына кірген жәндікті газ арқылы өлтіру мүмкін болды.
Дәрігер хирург Владимир Петровичке, құлағының ішіне кіріп кеткен жәндікті шығаруға аумақтық аураухана қауқары жоқ екенін жеткізді. Себебі, ота жасайтын микроскоп жоқ дейді.
Зейнеткерге Уфа қаласындағы республикалық ауруханаға баруға бағыттаған. Алайда, республикалық аурухана арнайы рұқсатсыз оны қабылдаудан бас тартып отыр.
Зейнеткер жеке меншік ауруханадан толық сараптамадан, тексерістен өткен кезде, оның құлағында шіріп бара жатқан дене бар екені анықталған. Клиника қызметкерлері егер өлі жәндікті алып тастамаса, зейнеткер құлағының зақымдалатыны, нәтижесінде ол тепе-теңдік сақтай алмай қалатын дәрежеге жетуі мүмкін дейді.
Қазіргі уақытта Владимир Петрович құлағындағы қосқұйрықпен өмір сүріп жатыр. Аудандық аурухана ота жасауға қауқарсыздықтарын жеткізсе, республикалық аурухана мүлдем ота жасаудан қашып отыр. Ал зейнеткердің уақыт өте келе, есту қабілеті нашарлап жатыр. Бүгінде оң құлағы мүлде естімейтін хәлге жетті.
Оставить комментарий