Бірнеше ай құлдықта болып қорланған жетімнің тағдыры

/uploads/thumbnail/20170709230021146_small.jpg

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақ атамыз. Бұл мақалдың мәніне жете бермейтн санасыздардың бары көңіліңді қынжылтады. Қатал тағдырына көндіге алмай жүрген жетімді басынан сипаудың орнына қорлап, құлдыққа салып қоятын адамдар қаншама. Соның бір дәлелі Ақтөбе қаласында орын алған.  

Ақтөбеде ақшаға алданып, жұмысқа жегілген жетім бала құлдықта болған, деп хабарлайды 31 арна.

Айтуынша, үш айы бойы оны Қобда ауданының тұрғыны қорлықта ұстап, мал бақтырған. Ал қашып кететін болсаң өлтіремін деп қорқытты дейді. Мал баққан азамат Қобда ауданынан Ақтөбеге жаяулатып қашыпты. Қазір 21жастағы жігіт облыстық аурухананың гаражын паналап жүр.

Жасұлан Сәндібеков осыдан екі жыл бұрын Ақтөбедегі "Жайсан" жетімдер үйінен шыққанын айтады. Содан бері  жалданып жұмыс жасап, әркімнің табалдырығында жүрдім,- дейді. Ал соңғы қожайыны еркінен тыс ұстап, нағыз құлға айналдырғанын айтады. Сөзінше, ақша төлеймін деп Қобда ауданына алдап алып кетіп, барғаннан кейін  күндіз-түні малдың соңына салып қойған.

 Қазір құлдықтан құтылған Жасұлан Ақтөбе облыстық аурухананың гаражын паналап жүр. Жол бойынан тауып алған осы аурухананың жүргізушісі оны әзірге гараждың бір бөлмесіне орналастырыпты.  Қаржау Бедеров Жасұланды өз үйіне тіркеуге отырғызғанын және оған қазір жан- жақтан жұмыс іздеп жатқанын да айтады.

 Ал облыстық ішкі істер департаментінің статистикасы бойынша, өткен жылы  Ақтөбе облысында осы құлдыққа қатысты екі жағдай тіркелсе, биылдың өзінде  құлдыққа жегілген екі әйел адам шағымданып үлгерген. Айта кету керек құлдыққа жекті деп шағымданған адамдардың барлығы да  ауылшаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының құрбандары екен.


 

Оставить комментарий

Связанные Статьи