Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары ұсталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710004634684_small.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментіндегілер ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің облыстық ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магамадовтың жемқорлық қылмыстарды жасағанын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу Магамадовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін азайтқанын, сондай-ақ, жұмысты орындау туралы нұсқамалардың мерзімін ұзарту үшін заңсыз түрде сыйақы алып жүргенін анықтады. Биыл 4 сәуірде кәсіпкерден 200 мың теңге пара алып жатқан Магамадов қылмыс үстінде қолға түсіп, Қарағандының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи