4 сәуірде Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясының көтерілісшілер бақылайтын Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 100-ге дейін жетті – оның ішінде үлкен кісілермен қатар балалрдың саны жетерлік, деп хабарлаған болатын «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
Бұл шабуыл баланы ата-анасыз, ата-ананы баласыз қалдырып, бірнеше адамның көз жасының көл болуына себеп болды. Назарларыңызға әкенің шабуыл салдарынан қаза тапқан балаларымен қоштасып жатқан видеосын ұсынамыз. Әкенің қайғысы, көз жасы кімнің болса да жүрегін елжіретері анық.
Еске сала кетейік, Батыс елдерінің өкілдері бұл шабуылға Сириядағы Башар Асадтың билігі және Ресей мен Иран жауапты деп отыр. Бірақ ресми Мәскеу мен Шам БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бұл айыптауды теріске шығарды.
Оставить комментарий