Хиллари Клинтон президенттік лауазым үшін енді таласпайтынын айтты

/uploads/thumbnail/20170710010550738_small.jpg

АҚШ президенттігіне үміткер болған Хиллари Клинтон енді президенттік лауазымға түспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрын Клинтон Нью-Йорктің мэрі қызметіне үміткер болғаны жайында ақапарат таралған.

- Мен өзіме қызықты кәсіп іздеп жүрмін. Өзіме қызықты кәсіп табудан басқа еш жоспар жоқ, - деді Клинтон.

Еске сала кетейік, Клинтон 2016 жылы өткен сайлауда жеңіліс  тауып, нәтижесінде Дональд Трамп АҚШ-тың президенті атанған.

Сонымен бірге, АҚШ президенттігіне бұрынғы үміткер Ресейді Американың сайлауалды науқанына араласты деп айыптады. Оның айтуынша, егер демократтар ортақ шара қолданбаса, кінәлілерді жазаға тартпаса, бұл араласу әлі қайталанады. 

Связанные Статьи