Тағы да шабуыл. АҚШ химиялық шабуыл жасаған Сирияның жазасын берді

/uploads/thumbnail/20170710010726896_small.jpg

Сәуірдің 6-сынан 7-сіне қараған түні АҚШ Сирияның Идлиб провинциясына жасалған химиялық шабуылға жауап ретінде Сирияның әуе базасын зымыранмен атқылады.

Бұл жайында «Қамшы» ақпараттық агенттігі америкалық БАҚ –қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл шабуылдың терроризммен күреске қатысы жоқ, Идлиб провинциясындағы бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық шабуылды қолданған Сирияны жазалау мақсатында орын алған. Сирияның әуе базасын 60-тан астам «Томогавк» зымырандарымен атқыланған. АҚШ билігінің айтуына қарағанда, шабуылда ұшу-қону алаңдары, ұшақтар мен жанармай құю станцияларын жару көзделген.

Дональд Трамп шабылдың себебін АҚШ-тың өмірлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған деп түсіндірді.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясының көтерілісшілер бақылайтын Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 72-ге дейін жетті – оның 20-сы балалар, ал 17-сі әйел адамдар

АҚШ президенті Дональд Трамп химиялық шабуылды «адамзат үшін масқара әрекет» деп атаған. Ол шабуыл үшін Сирия президенті Башар Асадты жауапты деп таныған.

Связанные Статьи