Қытайда тағы бір МС Сайлаубек шықты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Белгісіз тілде рэп оқып, қысқа ғана мерзімнің ішінде барша жұртшылыққа танылып үлгерген МС Сайлаубектің Қытайда сыңары табылды. Дәл еліміздегі Сайлаубек секілді көшелерде жүріп, ән айтып, жұртқа танымал болған. Қытай арасынан шыққан екінші МС Сайлаубек қазақ тілінде ән орындап, оған клип те түсіріп үлгерген. Алайда, түсірген бейнебаянына өзге жұлдыздар секілді мыңдаған доллар қаражат жұмсады деп айта алмаймыз. Бастапқы кезеңде елдің сайқымазағына айналған Сайлаубек кейіннен тойға ең көп тапсырыс алатын жұлдыз болып шыға келген еді. Ал екінші Сайлаубек те ағасының жолын қуады ма екен? Назарларыңызға екінші Сайлаубектің бейнебаянын ұсынамыз