Алты баланың әкесі әйелінің көз алдында көз жұмды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710011047523_small.png

Алматы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан Карьерная көшесінде жол апаты болды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар жұмыстан шығып, үйлеріне қарай келе жатқанда ер адам жолдан жүгіріп өтпек болған. Сол кезде ер адамды көлік қағып кетті. Көлік жүргізушісінің жылдамдықты асырып келе жатқаны да анықталды. Ер адам сол жерде көз жұмды. Соққының қатты болғаны соншалық көліктің капоты майысып кеткен, ер адам басымен соқтығысқан көлік әйнегі қатты шытынаған.

Көз алдында күйеуін қағып кеткенін көрген әйеліне медициналық көмек көрсетілді. Бір сағат бойы әйелі өз-өзіне келе алмаған. Қайтыс болған ер адам алты баланың әкесі екен.

Тексеріс барысында апат болған Карьерная көшесінде жарықтандыру нашар екені де анықталды. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

 

Связанные Статьи