Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды. Саумалкөл ауылында өңір басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарласы арқылы пайдалануға берілетін «Бижов» ЖК-нің заманау сауда орталығының құрылыс барысымен танысты. Аталмыш нысан тамақ өнімдерімен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс материалдарымен және киім-кешектермен сауда жасайтын болады.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлмира Әбілқайырованың айтуына қарағанда, өткен жылы ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгенің 11 жобасы мақұлданған. Соның бірі - «Бижов» ЖК-нің заманауи сауда орталығы.
«Инвестиция сомасы 85 млн. теңгені құрады, оның 68 млн. теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарласы бойынша да, қалғаны өзіндік қаржы. Биыл жүзеге асырылатын жоба 20 жұмыс орнын ашуды көздейді. Қазіргі уақытта ауданда 1328 кәсіпкер бар, олардың 116-сы - шағын және орта бизнес өкілдері»,- деді Гүлмира Әбілқайырова.
Кәсіпорын директоры Александр Бижов аталмыш жобаның мемлекет қолдауы арқасында жүзеге асып жатқандығын атап айтты.
«Алғашында банк 17,5 пайыз үстемемен қарыз берді, оның 10 пайызын мемлекет демеуқаржыландырды, қалғаны - 7 пайыз. Мемлекеттің қолдауы арқасында ғана сауда үйін салу мүмкіндігі туды. Өйткені ауданда 17 пайыз үстемемен құрылыс салу өте қиын. Жол картасы бойынша біз екінші жобаны іске асырудамыз. Биыл 500 орындық тойхана салуды жоспарлап отырмыз»,- деп өз ойымен бөлісті Александр Бижов.
«Сауда өркениетті және таза болуға тиіс. Тағамдар тексерілген болуы қажет, соған орай. тексерілген өнмдерді ғана алған жөн. Тұрғындар Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген сапалы өнімдерді ғана сатып алуы керек. Сіз бірінші жобаға көмек алып, жүмыс барысында оның пайдасын түсіндіңіз, енді міне екіншісін алып отырсыз. Сөйтіп сіздің екінші жобаңызға да мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Яғни барлық тетіктер нақты жұмыс істейді. Президент: «Бизнеспен айналысыңдар,біз сіздерге көмектесеміз» дегенді тектен-текке айтқан жоқ. Жұмыс істегісі келгендерге мемлекет көмектеседі. Сіздің тірлігіңіз – соған мысал. Кімде-кім жұмыс істеп байығысы келсе, мемлекет қолдауға әзір. Олар жұмыс орындарын ашып, салық төлеуге тиіс»,- деді өңір басшысы.
Келесі ат басын бұрған нысан – жетім және ата-аналарының қамқарлығынсыз қалған балалардың Айыртау мектеп –интернаты болды. Мекеме тәрбиеленушілері өңір басшысына жармадан, інжу-маржаннан, шырша түйіндерінен өздері жасаған бұйымдарды және «Бір шаңырақтың астында» атты қуыршақ композициясын көрсетті.
«Мына жұмыстарды мұражайға қоюға болады. Балаларға осылай жасынан бастап туған жерге деген сүйіспеншілікті, толеранттылықты, отансүйгіштікті дарыта беру керек. Олар әр ұлттың мәденетін білуге тиіс»,- деді Құмар Ақсақалов.
.Өңір басшысы балалар тұратын бөлмелерді аралап, олардың бос уақытын қалай өткізетіндігімен танысты, тәрбиеленушілермен әңгіме барысында олардың болашақ жоспарларына қызығушылық білдірді.
«Балалар оқумен бірге шығармашылықпен де айналысқаны дұрыс. Мемлекет те мектептен кейін көмек көрсетуге тиіс. Оқушылар спорт, шығармашылық, қолөнер, ғылым сияқты өздері қалаған іспен айналысқаны жөн. Біз аудан әкімдерімен олардың үйде компьютер алдында ғана отырмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Көшеде де өмір, қарым-қатынас, спорт, өнер, ән-күй мен би бар екендігін ұмытуға болмайды. Кітап оқу керек. Президентіміз айтқандай: «Болашақ – кітап оқығандарда, олар компьютер алдында отырғандарды меңгеріп кететін болады», Өйткені кітап адамды дамытады, ойлай білуге үйретеді. Болашаққа жан-жақты адамдар қажет. Мемлекет дамып жатыр, біз сіздердің қатарластарыңыздың жан-жақты дамыған болуын қалаймыз. Ол үшін рухани жағынан күшті, денсаулығы мықты, толерантты, барлық ұлттарды бірдей көретін, 3 тілді жетік білетін болу керек. Тұрғын үй бойынша біз көмектесеміз. Өткен жылы облыс бойынша жетім балаларға 20 пәтер берілсе, биыл 40 шақты пәтер беретін боламыз. Ең негізгісі - оқуға түсу, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті пайдалану», деп атап көрсетті Қүмар Іргебайұлы.
Кездесу соңында мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері өңір басшысына өздері жасаған тұмар-домбыраны тарту етті. Облыс әкімі бағалы сыйлыққа рахмет айта отырып, оның өз кабинетінде сақталатындығын жеткізді.
Облыс әкімі балалар үйіне теледидар сыйлады. Тәрбиеленушілер «Экспо» әнін орындады.
«Биылғы ең үлкен жоба – «Экспо-2017» Бұл жоба Қазақстан үшін өте маңызды. Нені жүзеге асыра алатындығымызды бүкіл дүние жүзіне көрсетеміз. Бүл - әлемдегі ең көрнекті көрме.Жыл сайын өдерінде осындай көрме өткізу үшін көптеген елдер байқауға қатысады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Елдер қызықты істерін көрсететін болады, балалар үшін де бұл қызықты оқиға. «Экспоға» міндетті түрде баратын болыңдар. «Экспо» - біздің ел үшін өзін көрсетудің зор мүмкіндігі»,- деді балаларға Құмар Ақсақалов.
«Баянтай»ЖШС-нің тұқым шаруашылығында облыс басшысы көктемгі-дала жұмыстарына дайындықтың барысымен танысты. Агроқұрылымда себу техникалары жаңартылыпты, техникалық қамтамасыз ету жаңғыртылуда. Үстіміздегі жылы майлы дақылдар егісін ұлғайту жолымен ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жүргізілмек.
«Өткен жылы әр гектардан 17,8 центнерден өнім алдық. Олардың 30 пайызы – 3-сыныпты. 4-сыныптың ақуыздылығы 20-дан асты. Заттай бәрі жақсы, тек 3-репродукция ғана нашарлау болды.Техникаларды «Агроқаржы» арқылы лизингке және өз қаражатымызға алып жатырмыз», - деді серіктестік директоры Сырымбет Есенғалиев.
«6,7 пайызбен беретін ешқандай ел жоқ. Оған техника алуға да, өндісті көтеруге де болады. Ауыл шаруашылын пайдалану үшін бәрі сапалы болып, технология бойынша жүру керек. Пармен, элиталық тұқыммен жұмыс істесек, сапа да және тиімділік те болады»,- деді аграрлық сала қызметкерлеріне өңір басшысы.
Осы жерде Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров әлеуметтік-экономикалық даму жайында айтып берді.
«Біздің егіс алқабымыз - 381,9 мың гектар, жаздық егіс - 353, 4 мың гектар, 9,3 мың гектарға жасымық, 20,3 мың гектарға майлы дақылдар, 1,9 мың гектарға жемазықтық дақылдар себеміз. Әкелініп жатқан тұқымдардың бәрі тексерілген. Шығымдылығына қарай ауыстырдық»,- деді Ағзам Тастеміров.
Хабарламадан кейін өңір басшысы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.
«Мұндағылардың бәрі сүт өнімдері. Қазір сүттің 1 литрі 150-160 теңге тұрады. «Зенченко және К» және «Родина» фирмаларымен бәсекелесе аламыз. Сүтті елді мекендерден сатып аламыз»,- деді өз өнімдерімен таныстырған «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры Асен Жақсылықов.
Өз кезегінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов басты міндет кооперативтер құру екендігін, олар адамдарға жұмыс істеуге, зауыттарға сүт тапсыруға мүмкіндік беретіндігін атап айтты. Сондықтан сүт зауыттары бағаға мүдделі болуға тиіс.
«Баға төмен болса, ешкім де тапсырмайды. Өзіндік тәуекел мен шығынды ойластырып, өндірісті дұрыс ұйымдастыру керек. Қарыз деген мүлдем болмауға тиіс. Қымбат алсаңдар, сіздерде әрдайым сүт болады, ол тауар айналымына да әсер етеді. Бір күнде 6 тонна деген өте аз, зауыт кемінде 50 тонна сүтті өңдеуге есептелген ғой»,- деді өңір басшысы.
Асен Жақсылықов болашақ жоспарларымен де бөлісті. Биыл зауыт қатты ірімшік жасайтын өндірісті іске қоспақ. Ол үшін мүліктік кешенді кұрделі жөндеуден өткізген көрінеді. Алдағы уақытта Украинамен әріптестік орнатпақ.
«Орнататын желілерің заманауи болуға тиіс. Өнімді көбейте түсу керек. Аз-мұз тоқтасаңдар – бәселестерің басып озады»,- деді Құмар Іргебайұлы.
Жас кәсіпкер Вера Сухова өз бизнесі жайлы сөз қозғады.
«Италияндық қаз тұқымдары мен күркетауық, брама, цесарка өсірумен айналысамыз. Базарға құс еті мен балапандар шығарамыз. Оның көлемі әзірше көп емес. Болашақта басқа аудандар мен қаланы қамтымақшымыз Жартылай өнім шығаруды да қолға алдық. Барлығы да табиғи, барлығы да үйдікі»,- деді «Сухова» ЖК-нің басшысы.
«Сырымбет» АҚ компаниясының өкілі Аркадий Ли қалайы кенін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асырудың барысы жайлы айтып берді.
« Құрылысқа қажетті жер алдық. Комбинат құрылысы мен карьер үшін жер әзірлеуге жалпы аумағы 60 гектар орман алқабын кесуге рұқсатымыз бар. Жұмыс істейтін бас мердігер 10 сәуірде келмек. 500 млрд. теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отырмыз, ауданға түсетін салық көлемі шамамен 2,5 млрд. теңгені құрайды»,- деді компания өкілі.
«Өткен жылы электр желісі тартылды, биыл мемлекет есебінен темір жол тартатын боламыз. Біз басқа елдердегі әріптестерімізбен пікірлестік – Қазақстандағыдай бизнесті демеуқаржыландыратын бағдарлама ешкімде жоқ. Ол теңдессіз. Көмек көрсетеміз. Өткен аптада Астанада болдық. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қосымша қаражат сұрадық – бізді қолдады. Бизнеске қолдау ретінде 1 млрд. теңгеден астам қосымша қаражат аламыз. Сіздердің жобаларыңызды қарауға әзірміз. Бізге жаңа технологиялар мен жаңаша іс-әрекет қажет»,- деп атап көрсетті Құмар Ақсақалов.
Мұндай көшпелі кездесулер көктемгі науқан алдында «сағатты тексеру» үшін өткізілетіндігін өңір басшысы аграршыларға қарата айтты
«Соңғы жылдары мынандай жерде өнген өнімнің 50 пайыздан астамы 4-5 сыныпты құрайды. Аз-мұз ауа райы өзгергені түсінікті. Осындай ауа райында технологияны қатаң сақтау арқылы тұрақты әрі сапалы астық алатын шаруашылықтар бар ғой, Аудандағы тұқымның 14 пайызы ғана 3-сыныпты болғаны - жақсы емес. Сіздер осы бағытта жұмыс істеңіздер, парды баптап, келесі жылға сапалы жер әзірлеңіздер. Пар кемінде 5 рет өңделуі керек. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. . Биыл облыс бойынша дұрыс ауыспалы егіс қалыптастыру үшін, майлы дақылдар алқабын 200 мың гектарға ұлғайтамыз. Біз соны қадағалайтын боламыз. Жер тиімді жұмыс істеуге тиіс»,- деді Құмар Ақсақалов.
Бұдан басқа, өңір басшысы мал шаруашылығын дамыту , ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдеуге назар аудару қажеттігін алға тартты.
« Осының бәрі бізде өсуге, ұқсатылуға және біздің дүкендерде сатылуға тиіс. Ауданның, облыстың, республиканың ішінде тізбекті жұмыс болуы керек. Ауыл шаруашылығы өнімдері барынша ұқсатылуы қажет. Өйткені біз өз өніміміздің 20 пайызын ғана өңдеп, қалғанын шикізат күйінде сатамыз. Бұл – барлығымыздың алдымыздағы міндет. Президент қосымша құн болу, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қайта өңдеу міндетін қойып отыр. Біз сіздерге . . «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, сіздердің кредиттеріңізді демеуқаржыландыру бойынша көмектесетін боламыз. Бүгін тетіктер өте көп. Осы тетіктерді тиімді пайдалана отырып жемісті жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды аралау барысында көріп жүрміз»,- деді Құмар Іргебайұлы.
Мәдениет үйінде облыс әкімі ауданның ардагерлерімен кездесіп, жұмыс сапарының қорытындысын шығарды.
« Біз жаңа ғана ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, алдағы көктем науқанына қалай әзірленіп жатқандары жөнінде әңгімелестік. Агроқұрылым басшылары бәрі жеткілікті екенін баяндады. Дизель отыны жеткілікті дәрежеде әзірленіпті. Бізге қажеттісі – технологиямен жұмыс істеу мәселесі. Аудандағы тұқымның 14 пайызы 3-сыныпты, қалғаны жалпы шығымдылықты. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің астықты аймағы болуға тиісті. Бізде өнген және өңделген өнім барлық Қазақстанды қамтамасыз етуі керек»,- деді өңір басшысы.