Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға барды. Өңір басшысы бірінші кезекте «МаслоДел» ЖЩС-ға соқты. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – тазартылмаған өсімдік майы мен тоңмай шығару. Өндіріс орнына 2011 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 380 млн. теңгеге жаңғырту жүргізіліпті.
«Біздің зауыт 2005 жылы құрылды. Ол майлы дақылдарды өңдеумен айналысады. Тәуліктік өнімділігі 400 тонна рапс, 120 тоннаға дейін май шығарамыз. Содан кейін біздің өнім әрі қарай өңдеу үшін Алматыға жөнелтіледі. Май түрі көп: кендір, рапс майлары сияқты 7 түрлі өнім шығарамыз. Зауытта 120 адам еңбек етеді»,-деді компанияның бас инженері Сергей Дёмин.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов майлы дақылдар алқабын көбейту керектігін атап айтты.
«Майлы дақылдар өндірісін бастаған кезіміз әлі есімде. Барлығы да жақсы бола қойған жоқ, техника таңдай алмадық, технолгиямен жұмыс істей алмадық, кадрларымыз да дайын емес еді. Қазір жағдайымыз жақсарды, өткізетін нарығымыз да бар. Енді қол жеткізгеннен айрылып қалмауымыз, керісінше кеңеюіміз керек. Бүгін өсімді ескере келіп, 712 мың гектарға майлы дақыл егеміз. Республика бойынша ең көп кзлемді иеленетін боламыз. Май өндіру бойынша алға жылжимыз, әрі қарай өңдеуге көңіл аударамыз. Енді біздің «Тайынша май» секілді бәсекелесіміз бар. Бәрі бағаға байланысты болады. Ұқсатушылар барлық жүйені қалай жетілдіруді ойлай бастағаны жөн. Сапаға әсер етпейтіндей, кей біреуін арзандату қажет»,- деді өңір басшысы.
. Құмар Ақсақалов күнжараны қайта өңдеу мен мал шаруашылығы үшін құрамажем өндіруді де қозғады. Осы жерде Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «кімі Владимир Дудов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
« Өткен жылмен салыстырғанда екі айдың қорытындысы бойынша нвестиция 1,8 пайызға өсті. Оның басым бөлігін кәсіпорындардың өз қаражаты құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 21230 адам, ол аудан тұрғындарының 52 пайызы. Жалдамалы қызметкерлер – 16840 адам. Өзін –өзі қмтығандар – 2768 адам. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 1248 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаудамыз. Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жоспар – 806 жаңа жұмыс орны. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлік жөніндегі бағдарламалар аясында 274 млн теңгенің қаржысы бөлінді. Биыл 70 адамды қайта оқытуды жоспарлап отырмыз»,- деді Владмир Дудов.
Ауданның агроқұрылым басшыларымен әңгіме барысында Құмар Игібайұлы көктемгі-дала жұмыстарына әзірлік мәселесін талқылады. Облыс әкімі тұқымның сапасына, жанармай қорына қызығушылық білдірді. «Тұқым»ЖШС-нің элиталық тұқым шаруашылығы өңір басшысының назарына өз өнімдерін ұсынды.
«Біз тәжірибе станцямыз барынша жұмыс істеп, бізді барынша сапалы тұқыммен қамтамасыз етуі үшін жұмыс істейтін боламыз. Бұл өте маңызды. Барлық сұрыпты байқауға, сынауға болады. Бұдан басқа, біз сүт пен ет өндіруіміз керек, өйткені ол да біздің дәстүрлі өндірісіміз. Адамдар көктем мен күзде ғана емес, қыста да жұмыс істеуі қажет. Осылай еңбек ететіндерге қолдау көрсеттетін боламыз. Биыл жаз ыстық болады деп болжануда, біздің аймақ үшін ол жақсы. Ең маңыздысы – ылғалды сақтай білу керек. Шөптен мол өнім алу үшін де оған ылғал жабу керек шығар» ,- деді облыс әкімі.
Бұдан кейін өңір басшысы өткен жылы пайдалануға берілген Новоишим қазақ мектеп-интернатының жарақтандырылуымен танысты. Онда 50 мұғалім еңбек етеді, оқу орны 400 оқушыға шақталған. Құмар Ақсақалов дене тәрбиесі сабағы мен балалар қолданбалы өнер бұйымдарын жасап жатқан еңбек сабына қатысты. Кітапханада жоғары сынып оқушылары қазір өздері әзірлеп жатқан ғылыми жобалар жайында өңір басшысына айтып берді. Мектептің бай материалдық базасы оқу үшін зор мүмкіндіктер жасап отыр. Құмар Игібайұлы оларға алдағы емтиханды жақсы тапсырып, ЖОО-ға түсулеріне тілектестігін білдірді
Облыс әкімі мектептің асханасын аралап, жатақхана жағдайымен танысты. Онда жақын ауылдардың балалары тұрады. Әр сенбі сайын түстен кейін мектептің автобусы оларды үйлеріне апарып тастайды. Өңір басшысы мектеп бағдарламасынан тыс балалардың жан-жақты тәрбиеленгені маңызды екендігін атап айтты
«Түстен кейін спортпен айналыса ма? Ән-күйге бара ма? Мектептен басқа оқушылар спортпен, шығармашылықпен айналысуы керек. Барынша жұмысбасты болуы қажет. Мәдениет үйінде де дайындалсын. Барлығы – 100 пайыз. Оның үстіне балалар үшін бәрі тегін болуы қажет»,- деді Құмар Игібайұлы.
Жатақханада облыс басшысы еліміздің жұмысы аз өңірлерден қоныс аударған оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесті. Аудан әкімінің ақпаратына қарағанда, өткен жылы 7 отбасы көшіп келген, олардың еңбекке жарамды 31 адамы толығымен жұмысқа орналасқан.
Жураевтар отбасында 7 бала тәрбиеленуде. Отағасының айтуынша, олар Сайрам ауданынан қоныс аударған. Оларға мұнда бәрі ұнайды, аудан жақсы қолдау көрсетеді. Оның таяудағы мақсаты – өз ісін ашу. Ақылбековтар отбасы да өз жоспары жайында айтып берді. Жас маман дәрігерлік амбулаторийде еңбек етеді, зайыбы – орталық аудандық ауруханада әдіскер. Тағы бір отбасы Мақтарал ауданынан қоныс аударыпты. Ері Новосел ауылдық округінде бас маман болса, әйелі – мектепте.
«Жұмыс істеу керек, экономика өсуге тиісті. Бізге еңбек ететін адамдар керек.. Өткен жылы бізге 700 адам келсе, биыл ОҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 1000 адамды көшіріп әкелуді жоспарлап отырмыз. Мынандай жерде тек жұмыс істеу керек. Суыққа үйрендіңіздер ме? Туған-туыстарыңыз болса, шақырыңыздар. Басы басталғасын, жалғасы да және оның нәтижесі де болады Біз бір халықпыз, ешқандай айырмашылығымыз жоқ. Оңтүстік өңірлердің адамдары жермен жақсы жұмыс істейді, көкөніс өсіре біледі. Мемлекет пен біздің тарапымыздан қажетті көмек көрсетіледі. Өз істеріңізді ашқыларыңыз келсе, арнайы бағдарламалар бар. Қолдаймыз»,- деді облыс әкімі.
Әрі қарай өңір басшысы «2017-2020 жылдарға арналған құнарлы жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 50 пәтерлік тұрғын үйдің қрылысымен танысты. Нысанды салу кезінде 90 пайыз қазақстандық мазмұндағы өнімдер, оның ішінде Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда да шығарылатын материалдар пайдаланылады екен
« Бір бөлмелі пәтерлер – 15, екі бөлмелісі - 21, үш бөлмелі пәтер – 14. Аяқтау мерзімі - үстіміздегі жылғы 30 қыркүйек. Жалпы құрылыс туралы айтатын болсақ, даму үрдісін байқауға болады. Бес жылда аудан бойынша 34 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 8100 шаршы метр тұрғын үйді іске қоспақпыз»,- аудан әкімі Владмир Дудов.
Осы жерде облыс әкіміне жергілікті жерде өндірілетін құрылыс материалдары мен жиһаздар көрсетілді. Өңір басшысы құрылыстар өз материалдарымыздан салынуы керек деді.
«Біздің кәсіпорындар барынша жұмысбасты болғанын қалаймыз. Олар салық төлеуге де, өнім шығаруға да тиіс. Бізде неге өз кірпішіміз жоқ? Біз өз ақшамызды неге сыртқа жібереміз? Біз зауытта сэндвич-панельдер шығара аламыз.Қазір мемлекеттік тапсырыс бар – оларды өз компанияларымызға беретін боламыз. Тек облыс аумағында жұмыс істейтіндерге ғана. Қиыршық тасты Ақмола облысынан әкелудеміз. Біздің өз материалдарымыздан қиыршық тас шығаратын зауыттарымыз бар ғой, бұл – дұрыс емес. Біздің ақшамыз өз облысымызда қалуға тиісті. Біз жаңа жұмыс орындарын ашу үшін еңбектенуіміз керек. Сонда біздің өніміміз де сұранымды болады»,- деді Құмар Игібайұлы.
Сапар соңында Құмар Ақсақалов «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында жұртшылықпен кездесті. Өңір басшысы еңбек ардагерлерімен, ауданның құрметті азаматтарымен, Қоғамдық кеңестің өкілдерімен әңгімелесіп, ауданның бар күш-жігерін қазір көктемгі-дала жұмыстарына жұмылдыру қажеттігін атап айтты. Кездесу соңында Құмар Ақсақалов балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директорына «Газель» автомобилінің кілтін табыс етті. .