Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауының финалына қатысып, бірінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды qamshy.kz
Қазақстандық әнші кешегі көрсетілімде Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындады.
8 cәуірде финалдың бірінші күні өтті. Финалдың бірінші кезеңіне 10 орындаушы қатысты, олардың ішінде Димаш Құдайберген де бар. Біздің отандасымыз келесі кезеңге өткен үздік сегіз орындаушының қатарына кірді. Айта кетейік, байқау жеңімпазының есімі бір аптадан соң 15 сәуірде белгілі болады.