Олардың жалпы саны 13 миллиондай, ал Египет жұршылығының жалпы саны 80 миллионнан артық. [1] Египет өз нақты санын өзі білмейді. Коптар –христиан дініндегі этникалық азшылық. Көне Египет халқы біздің дәуіріміздің 1-2 ғасырларында христиан дінін қабылдаған, араб басқыншылығының Египетке 742 жылы келгенде Египет тұрғындары христиан дінінде болған. Бірақ олардың христиандығы басқа христиандардан ерекше, басқаша. Олар өз құдайын Аллаху деп атайды екен. Тек арабтар келгенде Египет христиандық өркениеттен мұсылмандық өркениетке айналды. Копттардың жағдайы әр кезеңде әр қилы болды. Бірде олардың жағдайы жақсы болса, басқа кезеңде олар қатты езгіде өмір сүрді. Оларға ең лас жұмыс берілетін. Коптардың негізі Египеттің екі-үш ірі қалаларында тұрады. Коптар жаншылған этнос ретінде көп қудаланған және өте еңбекқор халық екенін көрсетеді. Олар берекелі, білім дәрежесі басқа египеттіктермен салыстырғанда жоғарылау. Египетте сауатсыздық 25%. Ер азаматтар арасында сауатсыздық төменірек, ал әйелдер арасында жоғарылау. Оған қоса шала сауатты атты категориясы тағы бар. Жалпы қарапайым египеттіктер діни мектептерге барады. Бұл мектептерінің керектігі олар стандартты араб тілін үйретеді. Жалпы египеттер халық тілі –египет диалектісі. Бірақ стандартты араб тілін бәрі түсінеді. Коптардың әйел заты басқа египеттіктерден биігірек. Египеттік арабтар әйелдеріне қызғаншақ және отбасындағы әйелдер статусы төменірек. Сонымен копттық әйелдер көбірек қызметте, бизнес пен жұмысқа тарттылған, олар ақша табады. Олардың отбасындағы статусы жоғары. Египеттік арабтар копттармен салыстырсақ кедейлеу тұрады. Әсіресе нашар тұратын мұсылман египеттік жерсіздер Каир, Александрияда копттардың христиандық молалары мен қорымдарында түнейді. Бұл жағдай қала копттарын қатты алаңдатады. Бүгінгі күні копттар арасында көп нәрсеге наразылық бар. Сондай көріністердің бірі копттардың шіркеулеріне, дүкендеріне шабуыл жасау. Әрбір ірі оқиғадан кейін копттар демонстрациялар мен шерулерді ұйымдастырады.[2] Шерулер кезінде полиция қызметкерлерін сабау, протестке қатысушылардың өлімімен аяқталған жағдайлар да ұшырасқан. Копттар көптеп халықаралық ұйымдарға шағынады, АҚШ-қа көшкен жағдайлар аз емес. Копттардың ішінде Еуропаға көшіп кеткендер көп. Көшіп кеткен копттарды еуропалық ұйымдар Еуро Одақ мемлекеттері оңайырақ азаматтыққа қабылдайды. Копттардың өздерінің сепаратистері бар. Египеттің сепаратистері Копт Республикасын аңсайды.[3]
Копттардың ішінде де мұсылман арабтардың арасында экстремистер мен фундаменталистер бар көрінеді. Сондықтан олардың ішінде алдымен іріткі салғанды табу қиынға түседі. Мәселенки екі әйел мұсылман дінін қабылдағысы бар болады, олардың біреуі жоғалып кетеді. Бұл оқиға қарапайым араб-мұсылман арасында қатты резонанс тапқанға ұқсайды. Одан кейін копттар тарапынан да, мұсылман тарапынан да шерулер жүрді. Екі тараптың серкелері мен идеологтары бар екен. Екі тараптар арасында үлкен сенімсіздік, екі тараптың кінәсі бар сияқты. Осы тұста Египет Президенті Хосни Мубарак билеген тұста осы саясатта көп кемшіліктер жіберіліпті.[4] Бүгінгі күні копттар жаншылып жатыр деу қисынсыз: қит етсең копттар сотқа береді. Соттың шешіміне көңілі толмаса халықаралық сот тағы бар: Еуропалық сот, АҚШ соты т.б.
Бірақ соңғы жолы копттардың Каир қаласының жанындағы Танта қаласында христиандық шіркеуде кезекті жарылыстар болды. 30 адам жарылыс зардабынан қаза болып 71 адам жараланды.[5]
Әзімбай Ғали – тарих ғылымдарының докторы
1.https://ru.wikipedia.org/wiki/ Ко́пты
2.Egyptian Coptic protesters freed http://news.bbc.co.uk/2/hi/middle_east/4117831.stm . Wednesday, 22 December, 2004,
3.http://www.masress.com/shabab/6137
4.Азимбай Гали Arabica-кофе без кофеина. Причины кризиса в арабском мире и его последствия. Palmarium Academic Publishing. Saarbrucken. Deutschland. 2016; Азимбай Гали Арабские правители: вызовы и угрозы новейшего времени . Palmarium Academic Publishing. Saarbrucken. Deutschland. 2017;
5. http://www.alarabiya.net/ar/arab-and-world/egypt/2017/04/09
Оставить комментарий