Өз-өзін өлтірмек болған 20 жастағы жеткіншек зообақтағы арыстандарға секірген

/uploads/thumbnail/20170710012810803_small.jpg

Зообақта келушілердің есінде мәңгілік сақталып қалатын түрлі жағдайлар болып жатады. Кейбіреулері, тіпті, екінші рет ол жаққа аяқ баспауы мүмкін. Сондай қызық жағдайлардың бірі Чили елінде орын алды. Чилидің астанасы Сантьяго қаласының тұрғыны зообаққа барып, өз-өзін өлтірмек болған. Ойын іске асыру мақсатында ол арыстандар отырған торға секіріп кеткен, деп жазады "Қамшы" ақпараттық агенттігі svoboda2.com басылымына сілтеме жасап.

Франко Луис Феррада Роман есімді 20 жастағы жеткіншек үстіндегі киімдерін шешіп тастап арыстандардың алдына секірген. Болған оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, жас жеткіншек Иса пайғамбар жайлы бір сөздерді айқайлап, қайталап айтып жатқан.

Жігітті құтқару үшін зообақ қызметкерлері екі арыстанды атып тастауға мәжбүр болды. 15 жыл бойы сол зообақта тұрған арыстандардың бірі ерке, екіншісі ұрғашы арыстан. Зообақ директоры Алехандра Монталва: «Жануарлар адам өміріне қауіп туғызбас үшін бізде белгілі ережелер бар. Құтқарушы топ дереу әрекет етпеген жағдайда, біз ол жігітті құтқара алмас едік. Жануарларымызды өлтіргеніміз үшін қатты қайғырып тұрмын», - деп мәлімдеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи