Елбасы Мысыр Араб Республикасының президентіне көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20170710012753443_small.jpg

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қазақстан Мысырмен бірге елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте күш-жігер жұмылдыруға дайын», – делінген жеделхатта.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи