2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.Имашевтың ЕҚЫҰ бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің Басшысы Дьерд Сабомен кездесуі болды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
2017 жылғы 11 сәуірде ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашевтың ЕҚЫҰ бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің Басшысы Дьерд Сабомен соңғының өтініші бойынша кездесуі болды.
Орталық сайлау коммиссиясының Төрағасы кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясында және елдің сайлау органдарында өтіп жатқан жұмыстармен таныстырды. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары – сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру және осы жылы өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының алдағы кезекті сайлауына дайындық.
ЕҚЫҰ бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің Басшысы өз кезегінде кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Кездесуде сондай-ақ ҚР ОСК мүшелерінің 2017 жылғы мамырда Варшавадағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтеріне ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын орындау мәртебесіне қатысты баруын ұйымдастыру, 2017 жылғы қазанда халықаралық конференцияны ұйымдастыру, сондай-ақ 2017 жылғы қарашада халықаралық байқаушыларға арналған жыл сайынғы семинар-тренингті ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы мен ЕҚЫҰ-ның сайлау заңнамасын дамыту және жетілдіру, Қазақстан Республикасында сайлау процесін демократияландыру саласындағы одан әрі ынтымақтастығының бағыттары талқыланды. Кездесу соңында тараптар дәстүрлі серіктестік пен ынтымақтастық қарым-қатынастар келешекте де өзінің жалғасын табатынына сенім білдірді.
Оставить комментарий