15 сәуірде Қазақстан уақыты бойынша сағат 22.00 «Хабар» телеарнасы Қытайда өтіп жатқан «Singer» байқауының финалын көрсетеді деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
Қазақстанда жоба «Мен әншімін» деген атаумен «Хабар» телеарнасында көрсетіледі. Байқауға белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысады, ол жеке бір ән, дуэтпен бір ән орындайды.
Финал телевизиялық трансляциямен қатар Алматыдағы «Mega Alma-Ata» СОСО мен Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО үлкен экрандарында көрсетілетін болады.
14 сәуірде, финал көрсетілімінен бір күн бұрын, «Хабар» Димаштың өмірі туралы түсірген деректі фильмін 21:30-да көрсетеді. Фильмде өнер иесінің туған-туысқандары, достары мен курстастары Димаш туралы өз пікірлерімен және оның өмірінің белгісіз фактілерімен бөліседі.
«Singer» жобасы - әйгілі халықаралық музыкалық байқау, 2013 жылы Қытайда іске қосылған «I Am a Singer» корей шоуының франшизасы.
Оставить комментарий