Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар және Тимирязев аудандарында болды. Бескөл ауылында өңір басшысы «Радуга» ЖШС-нің өндіріс орнымен танысты. Серіктестіктің ірі филиал желісі, өзіндік инфрақұрылымы бар, онда металдан, пластикадан 200-дей халық тұтынатын тауарлар, сол сияқты азық-түлік тағамдары шығарылады.
Құмар Ақсақаловқа кәсіпорынның өндірістік ғимараттары көрсетілді. ЖШС-нің бас директоры Дмитрий Шарапаевтың айтуына қарағанда, компания өз өнімдерін Қазақстанға ғана емес, Ресейдің Омбы, Челябі және Қорған облыстарына экспорттайды. Бескөл ауылындағы өндіріс алаңдарында пакеттер, пластикалық бұйымдар, қалдықтардан пластика түйіршіктерін, металдан бұйымдар шығаруға арналған цехтар орналасқан.
«Құбыр өндірісін бастағымыз келеді. Қазір оны Ресейден сатып алып жатырмыз, бір айдан кейін өзімізде шығаратын боламыз. Сонда біз өнімдеріміздің 90 пайызы қазақстандық болды деп айта аламыз»,- деді Дмитрий Анатольевич.
Кәсіпорын басшысы мемлекеттің қолдауы арқасында өндірісті кеңейтіп жатқанын да алға тартты. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда компанияның өнімділігі 100 пайызға артқан. Қазір мұнда пластика мен металдан 200-дей өнім шығарылады.
«Кәсіпорын ұқсату бойынша бизнеске қолдау ретінде мемлекеттен көмек алып, оны мемлекетке салық түрінде бірнеше еселеп қайтарды. Бұл өте жақсы әдіс. Президенттің тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті дамытуды 50 пайызға жеткізуіміз керек. Қазір облыс бойынша 23 пайыз – бұл өте аз.Біз ұқсатумен айналысатындарға шағын және орта бизнестің үлесі көп болуы үшін барынша көмектесеміз. Ол – біздің міндетіміз»,- деді өңір басшысы.
Содан кейін Құмар Ақсақалов жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты. «Dostare New» ЖШС облыс әкіміне қазақстандық бетонараластырғыш, әрлеу станциясы, жылу желдеткіш, жұк көтеру құрал-жабдықтары сияқты өнімдерін көрсетті.
«Бізде жақсы дизайнерлеріміз және бірнеше пешіміз бар. Көбіне Астанаға жұмыс істейміз, сол сияқты Петропавлдың ірі кәсіпорындары тапсырыс береді. Ресеймен де ынтымақтастық орнатамыз», - деді компания директоры Оразбек Ақтаев.
«Ахмутдинов» ЖК өкілдері өңір басшысына ағаш жаңқаларынан әзірленген биоотындарды көрсетті. «Бескөл құс фабрикасы» «Алекри» және «Алтай - СК» құс фабрикалары өнімдерінің көрмесі де ұсынылды. Қызылжар ауданында консервілер де, жартылай фабрикаттар мен жануарларға арналған жемазық та, сүт өнімдері де шығарылады. Мысалы, «Молсервис» ЖШС күніне 17 тонна сүт өңдейді. Оның өндіріс үрдісімен облыс әкімі жеке танысты.
«Кәсіпорын өңіріміздің 4 ауданынан және Ақмола облысынан әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді. Ешқандай май пайдаланбаймыз, пальма майын мүлдем көрген емеспіз. Биыл бірінші тоқсанда жақсы жұмыс істедік. Шикізатты 50 пайызға көбейтіп, соған орай өндіріс көлемін де арттырдық.Шикізат жеткілікті, жаз айларында артылып та қаоады. Өткізуден қиындық жоқ», - деді ЖШС директоры Сергей Чепурко.
«Осындай цехтар көп болуға тиісті, өнделуі де көп. Біз мал шаруашылығымен айналысып, оған қолдау көрсетеміз. Солтүстік Қазақстан облысының осындай жерлерінде дәстүрлі кәсіпті дамыту керек. Астық, нан, ет, сүт – барынша дамытатын біздің басты құндылықтарымыз»,- деп атап айтты Құмар Ақсақалов.
Жұмыс сапары аграршылармен кездесу арқылы жалғасты. Бүгінгі күні ауданда 1 КС, 60 ЖШС, 247 ШҚ мен ФШ жұмыс істейді. Қазір көктемгі-дала жұмыстарына қызу әзірлік жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы астықтың сапасы жерді дұрыс өңдеуге байланысты екендігін тағы да еске салды. Құмар Ақсақалов шаруашылық қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту міндетін қойды.
Сапар соңында өңір басшысы ауданның ардагерлерімен кездесті.
Содан кейін өңір басшысы Тимирязев ауданында «КЭСС» ЖШС-нің кәсіпорнымен танысты. Компания ұн үгумен және кебек шығарумен айналысады. Серіктестік директоры Иса Аллахяровтың сөзіне қарағанда, өткен жылы 46 мың тонна ұн үгілген.
«1-сұрыпты ұнымыздың сапасы өте жоғары, оны «Халал» деп атауға әбден болады. Өйткені оған ешқандай қоспа қосылмайды. Ешқандай ұнтақ та қоспаймыз. Сұраным көп»,- дейді Иса Аллахяров.
Фирма өнімі экспортқа бағдарланған. Олар өз өнімін Ауғанстанға, Монғолияға, Тәжікстен мен Өзбекстанға жөнелтеді. Соңғы кезде Тәжікстен мен Өзбекстан нарығын жоғалтып алыпты. Оған сол елдердің өз өндірісін іске қосуы себеп болған, енді олар астық сатып алуға ғана мүдделі. Облыс әкімі басқа нарықтарды іздестіруді ұсынды.
«Бізде Иран, Қытай нарығы бар. Қалай болғанда да, ұқсату жолымен жүру керек. Бүкіл әлемде ұқсатылған өнім қымбат тұрады. Мемлекет ұқсатушыларға әрдайым көмектесетін болады. Жақсы бизнес өкілі күте тұрып, аз-мұз шығындарды азайтады, сасын жаңа нарық тауып, сата бастайды. Барлық экспорттаушылар ҚҚС-ны қайтарады, яғни ҚҚС-мен өз өнімін шетелге сату тиімді. Сөйтіп олар ҚҚС-ні қайтарып алады, сөйтіп баға өседі. Бұл-тиімді»,- деді Құмар Ақсақалов.
Тимирязев ауданының әкімі Еркін Базарханов өңір басшысын әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен таныстырды.
«Биылғы минералдық тыңайтқыштар жоспары – 5982 тонна. Қазір 6882 тоннаға келісім жасалды. Алдағы науқанда 196 мың гектарға - дәнді, 39 мың гектарға – майлы (өсім 47 пайыз), 28 мың гектарға – жемазықтық дақылдар себуді жоспарлап отырмыз»,- деді аудан басшысы.
Сапар барысында облыс әкімі Тимирязев ауданының қайта өңдеу кәсіпорындарының басшыларымен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және ардагерлермен кездесті. Кездесу кезінде ауданның, сол сияқты облыстың даму барысы жайлы сөз қозғалды.
Оставить комментарий