«Италия аруы» Джессика Нотароға 2017 жылдың ақпан айында шабуыл жасалған. Ауруханаға өте ауыр күйде жеткізілген сұлудың бет-жүзі күйіп зақымдалған. Дәрігерлер қыздың көзіне, көру қабілеті зақым келуі мүмкін деген болжам жасаған.
Алдын-ала тергеуде Джессикаға шабуылды экс-жігіті жасағаны белгілі болды. Мәліметтер бойынша, ол қызды бірнеше рет бопсалап, қорқытқан. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігіті life.ru-ға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта қыздың экс-жігітіне сот процесі жүріп жатыр.
Джессика Хорхе Тавареспен осыдан үш жыл бұрын танысқан. Сұлудың айтуы бойынша Хорхе үлгі тұтуға лайықты жігіт болған. Алайда екі жас айырылысқан соң, ол өзгеріп шыға келген. Жұмыс орнын білетін болғандықтан, қызды күтіп алып аңдып, ізіне түскен. Джессика жаңа танысының үйіне көшіп барған кезде де Хорхе тарапынан қорқытулар тоқтамаған.
«Ол менің ізіме түсіп алдым. Күнде аңдуды шығарды, бопсалап, қорқытатын. Тіпті өтірік өз-өзіне қол жұмсап мені қайтармақ болды. Менің үйімнің алдына келіп арқанмен асылып тұрған кейіп танытты»- дейді зардап шеккен ару.
Ең сорақысы, Хорхе сүйіктісін бетіне қышқыл шашамын деп қорқытқан. Дельфинарийда жұмыс істейтін жігіттің күкірт қышқылына қолжетімді болған.
Ақырында, полицей қызметкерлеріне шағымданған Италия сұлуы олардан ешқандай жәрдем алмаған. Полиция Хорхеге қызға жақындамауға талап қойған.
Нәтижесінде, қаңтар айында Джессикаға шабуыл жасалды. Көлікке отыра бергенде артынан әлдебіреу келіп қышқылды бетіне шашып жіберген.
«Мен пластикалық бөтелкенің менің бетіме тигенін сездім. Бетім ысып кетті. Терім жаным бара жастақндай сезімде болдым. Әп-сәтте көзім көрмей қалды. Әр өткен секунд та қышқыл менің бет-әлпетімді жеп бара жатқанын сездірді»- дейді қыз.
Джессика: «Түні бойы дұғада болды. Құдайдан тек бір нәрсе сұрадым. Сұлулықты да, бәрін ала берсін, тек көзім көрмей қаламаса екен. Ауруханада қайта қалпына келтіру бөлімінен шыққан соң айнаға қарадым. Бетімнің бір жағы-жасыл, екінші жағы- қоңыр болып тұрды. Көздеріме қарадым да бұл әлі де мен екенмін деп ойладым» дейді.
Өзіне келтірілген залалды түсіне отыра Джессика Хорхенің жазалануын қаламайынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, өзінің не бүлдіргенін көру Хорхе үшін ең ауыр жаза болмақ.
Бүгін Италия сұлуы ай сайын £600 дәрілерге жұмсайды. Пластикалық ота жасау үшін қызға әлі бір жыл күту керек. Күн көзіне шығуға тыйым салынғандықтан, Джессика әр жарты сағат сайын терісін дымқылдатады. Осыған қарамастан, Джессика өзінің жағдайына шүкіршілік етеді. Әлі де көзінің көретініне, ән сала алатыны үшін Құдайға ризашылығын білдіреді.
Оставить комментарий